Кино орталығы Almaty Film Days алаңына шақырады

Алматыда Almaty Film Days іскерлік алаңы өз жұмысын жалғастыруда.

Сенбі, 26 қыркүйек онлайн форматында «Кино және карантин: жаңа өмірде фильмді қалай түсіреміз» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізіледі. Спикерлермен талқыға салынатын мәселелер карантин уақытында біздің кинематографистер үшін ең маңызды болып табылады.

Киноиндустрия қашықтықтан қалай жұмыс істейді және неге Қазақстанда басқа елдердегідей кино немесе телесериалдарды «скринлайф» форматында түсіруге талпыныс болған жоқ. Қатаң карантин режимі енгізілген жағдайда киножобаларды консервациялау бойынша қандай механизмдер ұсынылады. Сондай-ақ, кино алаңдарындағы сақтық шаралары мен карантин кезеңіндегі түсірілімнің өзекті тәжірибесі туралы.

Осы тақырыптарды қазақстандық продюсерлер Светлана Нам («Боксер»), Серік Әбішев («Оңбағандар» және «Обучение Адемоки»), Диана Ашимова («Огонь») және «ҰКҚМО» КЕАҚ басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Айдар Баталов талқылайтын болады.

Дөңгелек үстелдің бейнежазбасы Орталықтың YouTube - @kazakh cinema арнасына қолжетімді ашық форматта енгізіледі.

Іс-шара Қала күні аясында өткізілетіндігін еске сала кетейік. Қала әкімшілігінің серіктестері болуға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Almaty Film Festival командасы ниет білдірген.