ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Кинематографшыларға, бизнес өкілдеріне және кино өнерінің барлық табынушыларына

Продюсер Гүлнара СӘРСЕНОВАНЫҢ ашық хаты

Құрметті достар және әріптестер!

2020 жыл бүкіл адамзатты теңдессіз дағдарысқа тап болуға  мәжбүрледі. Бүкіл әлемді құрсаулаған коронавирус пандемиясы әлемдік экономикаға, бизнеске және адамдардың әл-ауқатына соққы тигізді.  Және бұл ұзаққа созылған күйзелістен шығуға көмектесетін жалғыз нәрсе, ол - өміріміздің өз арнасына қайтып оралатындығына үміт.

Мен бұл хатты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы ретінде емес, әрекеттегі продюсер, «Оскар» сыйлығына үміткер, ірі кинофестивальдердің лауреаты, ал ең бастысы өз елінің патриоты ретінде жазып отырмын.

Отандық киноиндустрия пандемияның долы толқынын алғашқылардың бірі болып қабылдады. Кинозалдар жабылды, жоспарланған ондаған картиналардың тұсаукесерлері өтпей қалды, ал бірнеше мың шығармашыл адамдар жұмыстарын жоғалтып, сүйікті ісімен айналысу мүмкіндігінен айрылды.

Әрине, қазір орын алған жағдайда кино біздің еліміздің және оның азаматтарының өмірінің айтарлықтай маңызы жоқ құраушысы болып көрінуі мүмкін екендігін мен түсінемін. Бұдан да маңызды мәселелер бар шығар. Алайда, өткен тарихымызға үңілейікші. Ұлы Отан соғысы жылдарында да киноматографшылар өз жұмысын тоқтатпағандығын еске түсірейікші. Оның үстіне, дәл Қазақстан сол қиын-қыстау кезеңде бүкіл Кеңес одағының киноматографшыларының панасына айналды, Алматыда Киностудиялардың орталық бірлестігі құрылды. 

Көрермен үшін кино деген не? Бұл қолданыстағы барлық ойын-сауық түрлерінің ішіндегі ең қолжетімдісі ғана емес, мәдени ойын-сауықтың ең маңызды элементі, яғни елдің дамуы және азаматтарды идеологиялық тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі екендігі сөзсіз.

2019 жылы құрылған Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өз қызметінің бірінші күнінен бастап отандық киноиндустрияның негізінде ашықтық және мөлдірлік жатқан жаңа теңдессіз даму мәнзарасына бағыт алды. Біз кино өндірісіне бюджет қаражатын тысқары бөлуді өткеннің еншісіне қалдырдық, қызметімізді тек кәсіби қоғамдастыққа ғана емес,  көрермендер үшін де ашық еттік, осылайша салаға мемлекеттік инвестиция құюға жоғалған сенімді қайтардық.

Біздің басымдықтарымыздың негізінде прокат үздіктері мен еңбек сіңірген кино қайраткерлерін қолдау ғана емес, дебюттік, анимациялық және авторлық кино сияқты бағыттарды дамыту да бар.

Алайда, орын алған жайттар Қазақстандағы кино үдерісін дамыту және нығайтуға қатысты біздің жоспарларымызға қауіп төндірді. Маңызды идеологиялық, әлеуметтік және білім беру тақырыптарын көтеретін 50-ден астам киножобаларды қолдау жөнінде екінші питчинг қорытындылары бойынша қабылданған шешімге қарамастан Киноорталықтың жоспарланған бюджеті едәуір азаюы мүмкін.

Әрине, «Осы жағдайға ықпал ету үшін Сіз жеке өзіңіз не істедіңіз?» деген орынды сұрақ туындайды. Жауап беремін. Бірінші питчингтен кейін менің «Нартай» фильмім мемлекет тарапынан қолдау тауып, қаржыландырылғаннан кейін әрекеттегі продюсер ретінде жобама бөлінген 380 миллион теңге көлеміндегі қаражатты Ұлттық киноорталық бюджетіне қайтаруды шештім. Бұдан басқа, Киноорталықтың екінші питчингінде Сараптамалық кеңеспен мақұлданған қысқаметражды және дебюттік жобаларды қолдау үшін меншікті қаражатымнан 40 миллион теңге бөлдім.

Қазір мен өзімнің кинематографшы әріптестерімді, бизнес өкілдерін және мүмкіндігі бар, бей-жай қарамайтын азаматтарды біздің салаға осы қиын кезеңде қолдау көрсетуге шақырамын. Бүгінде біздің кинематограф шоғырландыруға, сіздердің қорғауларыңыз бен қоғам тарапынан қолдауға бұрын-соңды болмағандай мұқтаж.

 

Құрметпен,

Гүлнара СӘРСЕНОВА,

Кинопродюсер, режиссер, сценарий жазушы, ҚР Кинематографшылар одағының мүшесі, Asia Pacific Screen Academy Азия-Тынық мұхиттық киноакадемия мүшесі, халықаралық Пусан кинофестивалінің «Азия киносындағы жыл адамы» беделді сыйлығының иегері, 56 беделді кино марапаттардың иегері, Ресейдің, Американың, Еуропаның жетекші студияларымен халықаралық киножобаларды жүзеге асырған және Қазақстанға көптеген халықаралық номинациялар және марапаттар, оның ішінде «Оскар» сыйлығына номинация, осы сыйлықтың шорт-парағына екі ұсыну, Канн, Монреаль, Лондон, Пусан кинофестивальдерінде табыс және «А» тобының басқа кинофестивальдерінде жеңістер алып берген «Eurasia Film Production» кинокомпаниясының негізін қалаушы.

24.05.2020