Kazakh Cinema "Берлинале -2020"-да: Қорытынды

EFM кинонарығының  бас директоры Матис Воутер Нолмен

70-ші Берлин кинофестивалі өз қорытындысын шығарып өткен демалыс күндері сәтті аяқталды, сонымен бірге Қазақстан үшін ең беделді киноалаңдардың біріне жол салған Kazakh Сinema стенді де өз жұмысын аяқтады.

Биылғы жыл Киноорталық үшін дебюттік жыл болуына қарамастан, қазақстандық делегация халықаралық қиноқауымдастықтың назарын біздің елге жіті аударта алды.

EFM кинорынкының бас директоры Матис Воутер Нолдың "Жылдың үздік кинокомиссиясы"арнайы жүлдесін табыстау кезінде сөйлеген сөзі.

150-ге жуық іскерлік кездесулер өткізілді, олардың жартысы алдын-ала келісілді, алайда European Film Market Landmark арнайы бағдарламасының шеңберінде «Kazakh Сinema. Your New Shooting Destination: Kazakhstan» таныстырылымы сәтті өткізілгеннен кейін Қазақстанда кино шығару мүмкіндігін талқылағысы келетіндер саны екі есе өсті.    

Кино орталықтың халықаралық бөлімі және EAVE (Еуропалық дыбыс-бейне бизнесінің)  бас директоры Кристина Трапп

Барлық бағыттар бойынша – фестивальдарға қатысу, Қазақстанды фильм түсіру үшін локация ретінде ілгерілету, бірлескен өнім, оның ішінде анимация саласындағы өнім шығару үшін серіктестер іздеу, сондай-ақ кәсіпқой мамандардың біліктілігін арттыруға жұмылдырылған ірі фестиваль алаңдарымен серіктестік жұмыстары жүргізілді.


Ресейлік режиссер Алексей Учителмен және продюсер Кира Саксаганскиймен келіссөздерді жүргізу барысында

Әлбетте, Kazakh Сinema-ның негізгі құралы былтырғы "Кино туралы" заңның қабылдануы болды, ол қазақстандық кинематографистердің жұмысын жеңілдетуге және өндіріс пен прокат жүйесін айқын ғана емес, сондай-ақ әлемдегі ең тартымды түсіру алаңдарының бірі ретінде Қазақстанға назар аудартуға арналған.

Мысалы, Киноорталықтың басшылығымен кездесуден кейін Еуропа Киноакадемиясы Басқармасының төрағасы және 150-ден астам жобалардың продюсері Майк Дауни мынадай пікір білдірді:

- Ғажап! Сіздердің таныстырылымда мен естіген рибейттің енгізілуі және бірлескен өнім шығару шарттары секілді өзгерістер Қазақстанда түсіру туралы шындап ойлануыма мәжбүрлеп отыр. Мен Батыс Еуропадан тыс жерде жиі түсіремін, енді менің түсіру картамда Қазақстанның пайда болатыны анық. Сонымен қатар Киноорталық пен өзім басқаратын Еуропа Киноакадемиясы арасындағы ынымақтастық туралы ойлану керек.

Еуропа Киноакадемиясы Басқармасы Майк Дауни

Қазақстан таныстылымынан киноны қолдаудың ең ірі Еуропалық " Eurimage" Қорының директоры Роберто Олланың алғаны әсері де аз емес:

- Қазақстанда киноны қаржыландырудың жаңа жүйесі және бірлескен өнімді айрықша арнайы қолдау қазақстандық киноқордың жұмысын абсолютті айқын, ал ең бастысыхалықаралық продюсерлер үшін түсінікті етеді. Бұл, меніңше, Қазақстанды халықаралық киноқоғамдастыққа енгізетін маңызды қадам.


Eurimage" Қорының директоры Роберто Оллан

Киноорталық жұмысының негізгі шебі дәстүрлі Еуропалық European Film Market Landmark кинонарығына келді. Kazakh Сinema-ның дебюті Berlinale EFM бас директоры Матис Воутер Нолды жігерлендірді:

-Біз биыл Kazakh Cinema-ны өзіміздің EFM кинонарығымызға қабылдағанымызды бақыт деп санаймыз. Мұндай қысқа мерзімнің ішінде бұлай сапалы дайындала алғандарыңызға сенудің өзі қиын. Қараша айында біз Анна Качкомен Берлинде кездестік, ал ақпанда сіздер өз стендтеріңізді аштыңыздар. Құттықтаймын! Айтпақшы, EFM шеңберіндегі Kazakh Cinema қабылдауында көптеген келушілер болдыадамдарды Қазақстан қызықтырады, өйткені мұнда киноиндустрия транспарентті бола бастады.

Қытайдың продюсері Ли Жумен (суреттің оң жағында)

Берлин кинофестивалі секілді ірі киноалаңдардағы Kazakh Cinema жұмысы сондай-ақ жекелеген киножобаларды ілгерілетуге бағытталған.

Мәселен, Еуропалық киноны әлемге ілгерілетумен айналысатын ұйымның - European Film Promotion  (EFP) бас директоры мынаны әңгімеледі:

Біз жыл сайын Берлин кинофестивалінде жас актерлерге қолдау көрсететін Shooting Stars іс-шарасын ұйымдастырамыз. Біз Кастинг Директорлардың Еуропалық қауымдастығымен тығыз жұмыс істейміз және биыл оған Қазақстанның Кастинг Директоры Надин Цойдың алғаш рет кіргеніне қуаныштымыз. Еурполық киноны жаңа тұлғалар мен таланттар өте қатты қызықтырады, ал сіздердің адамдарыңыз соншалықты әдемі! Сіздерге сәттілік тілеймін!


European Film Promotion  (EFP) бас директоры Сонья Хайнен

Таяу уақытта біз Kazakh Cinema өкілдері Берлиналеде ілгерілетумен айналысқан бірқатар киножобалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп береміз. Ал біздің делегация Қазақстанға оралады, мұнда өткізілген кездесулерге, қол жеткізілген уағдаластықтарға талдау жасалады және қазақстандық киноны шетелде одан әрі алға бастырудың жоспары жарияланатын болады.