ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Игорь Вовнянко өмірден озды

10.10.2021

Танымал кинооператор, Кинематографистер одағының көпжылдық басшысы, Асанәлі Әшімовтың досы әрі әріптесі – бұл біз білетін Игорь Александрович Вовнянко.

Шебер көптеген атақтар мен марапаттарға ие болса да, өзі өзгеріп, жүрегі "қолаға" айналып кетпеді. Әрдайым ашық және түзу мінезі бар нағыз ер азамат қалпында, мамандыққа адал, және бар күш-жігері мен талантын сол жолға салған жүз пайыз кинематографист болып қала берді. Игорь Александрович әрқашан әріптестеріне жаңа жобаларды ұсынуға дайын болған, жоспарлар құрып, көп жұмыс істейтін. Кейде қаталдық танытатын, бірақ әрқашан жүзінде шынайы күлкі тұратын адал адам еді.

Ол қайтыс болғаннан кейін киноның бүтін бір дәуірі артта қалғандай. Игорь Александрович белгілі кинооператор Борис Волчектың оқушысы болған. Ол "Қазақфильмге" келгенде Шәкен Аймановтың өзі батасын берген. Басты рөлді Асаналі Әшімов сомдаған, "Атаманның ақыры" картинасымен басталып, "Транссібір экспресі" фильмімен жалғасатын әйгілі эпостың үшінші бөлігін Кеңес Одағының кезінде түсірілген Игорь Вовнянконың режиссерлік дебюті "Маньчжур нұсқасы" картинасы құрады.

Кейін Игорь Александрович өзін драматург және сценарист ретінде таныстырып, тағы бірнеше көркем фильмдер түсірді, атап айтқанда, «Господи, помилуй заблудших» және «Долина смерти». Түсірілімнен бос уақытын ол өзі фильмдер түсірген жерлердің сәулетімен және табиғатымен танысуға арнайтын. Оның нәтижесі - әлемнің көптеген елдерінде қойылған "Менің Қазақстаным" атты фотосуреттер көрмесі болып отыр.

2005 жылы Игорь Александрович Қазақстан Республикасының кинематографистер одағының басшысы ретінде тағайындалды. Ол жыл сайын, түрлі елдерде, біздің кинематографтың жағдайы туралы есепке айналған Ұлттық кино күндерін өткізуге тырысатын. Осыдан бір ай бұрын ол өзінің жаңа жұмысын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының конкурсына ұсынған. Игорь Александрович денсаулығына байланысты жобаны қорғауға келе алмай, болашақ картинаны оның ұлы таныстырған еді...

Киноорталық ұжымы және Қазақстан кинематографистер одағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың және "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің кавалері Игорь Александрович Вовнянконың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.