ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Халықаралық кино күні!

126 жыл бұрын, 1985 жылғы 28 желтоқсанда біздің өмірімізде кино пайда болды. Сол күні Париждің Капуцинок бульварындағы «Гранд-кафенің» Үнді залында ағайынды Огюст және Луи Люмьерлер алғашқы ақылы синематографиялық сессияны ұйымдастырды. Бір франк үшін көрермендерге бірден бірнеше қысқа метражды роликтерді көруге мүмкіндік берілді: «Жұмыскерлердің фабрикадан шығуы», «Вольтижировка», тіпті «Су болған суарушы» атты алғашқы комедияны тамашалады.  

Өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына дейін кино Ұлы мылқау деп аталды. Бұл кезең әлемге аты аңызға айналған Чарли Чаплин, Мэри Пикфорд, Бостер Китон, Вера Холоднаяны сыйлады. Содан кейін жаңа дәуір басталды – киноның дауысы пайда болып, жылдар өте келе қазіргі жағдайға дейін дамыды.     

Кино біз үшін таңғажайып, сиқырлы әлем болып қала береді, ал оны шығаратын адамдар бізге сиқыршы сияқты болып көрінеді. Біз режиссерлік және операторлық жұмыстарға тамсана қараймыз, сценаристермен бірге сюжеттік желінің ретін шатастырамыз, киножұлдыздарға ғашық боламыз және фильмдер арқылы танымал болған әуендерді шырқаймыз. Кино – бұл кеңес бере алатын, ойландыратын немесе көңіліңді көтеретін дос. Сүйікті фильмдерді біз бірнеше қайтара қараймыз. Бір сөзбен айтқанда, біз кино деп аталатын таңғажайып дүниенің жанкүйерлеріне айналдық.

Қадірлі достар және әріптестер, мереке құтты болсын! Халықаралық кино күнімен!

28.12.2021