EFM LANDMARK-тағы KAZAKH СINEMA ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Ұлттық киноорталықтың Берлин кинофестиваліндегі жұмысының маңызды оқиғаларының бірі European Film Market Landmark арнайы бағдарламасы шеңберінде «KazakhСinema. Your New Shooting Destination: Kazakhstan» таныстырылымы болды.

«ҰКҚМО» КеАҚ жұмысының халықаралық бағытының үйлестірушісі Анна Качко 2019 жылы құрылған Киноорталық, Қазақстан киноиндустриясында заңнамалық деңгейде болған өзгерістер және халықаралық киножобалар үшін Қазақстан бере алатын мүмкіндіктер туралы әңгімелеп берді. Таныстырылым шеңберінде жиналғандардың қызығушылығын тудырған Қазақстанның локацияларымен жарқын бейнеролик көрсетілді.

Бұл бизнес-алаңның қатысушылары шетелдік кинематографистер, кинокомиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда түсіруге қызығушылық білдірген Франция, Германия, Австрия, АҚШ продюсерлері болды.

Таныстырылымнан кейін келіссөздер жүргізуге арнайы бөлінген аймақта  KazakhCinema өкілдері еуропалық және американдық продюсерлермен отыздан астам кездесулер өткізді, осының арқасында таяу уақытта бірлескен киножобалар шығарылуы мүмкін

Анықтама үшін:

EFM Landmark - Еуропалық кинонарықтың еуропалық кинокомиссиялар желісімен (EUFCN) бірлескен бастамасы. Биыл алғаш рет өткізіліп отырған платформа  қызықты локациялар брендингіне, халықаралық киножобаларды бірге шығару және қаржыландыру мүмкіндігіне арналған.

EFM Landmark кинокартина жасау үшін дұрыс локация таңдауға қажеті негізгі элементтерді біріктіреді. Платформа кейбір елдердің артықшылығын паш етеді, бірлескен өндіріске қолдау көрсету үшін инфрақұрылымына және қаржыландырудың ағымдағы схемаларына (салық жеңілдіктерін және ақшалай шегерімді қоса алғанда) шолу жасайды. Кинематографияның бұл аспектісіне назар кездейсоқ аударылып отырған жоқ. Өйткені бүгін әлемнің ірі кино шығаратын компаниялары өз жобаларын түсіру үшін жаңа аумақтар және локациялар іздеумен айналысуда.

Қазақстан екі күндік іс-шараның өзіндік фронтменіне айналды, сондықтан EFMLandmark шеңберінде кеңейтілген жарнамалық және маркетингтік мүмкіндіктер алды.

Таныстырылымның өзі KazakhСinema ұйымдастырған ауқымды жарнамалық шараның алдында болып өтті. Елді алға бастыруды іске асыру үшін қазақстандық делегация батыл әрі көзге түсетін «Kazakhstan – the place to be» ұранын таңдады.

Берлиндегі кинофестиваль шеңберінде Kazakh Cinema қызметін барлық жеткізгіштерде – баннерлерде, баспа өнімдерінде, экрандар мен дисплейлерде жарнамалық таныстыру қазақстандық киноның бірқатар жетістіктеріне негізделеді, делегация олар туралы бүгін шетелдік кинематографистерді белсенді хабардар етуде. Бұлардың арасында бірлескен өндіріске арналған 30%-ға дейінгі рибейт (қаражатты қайтару), «Кинематография туралы» жаңа Заң, бірегей табиғи локациялар, өндірістің төмен бюджеті, кәсіпқой кинотоптар, заманауи және қауіпсіз қоршаған орта және ұлттық қонақжайлылық

Расында да, биыл Берлин киноалаңында қазақстандық кино туралы айтарлықтай сенімді мәлімдеме жасалды. Фестивальдің неғұрлым кең аудиторияны қамтитын ең тартымды локациялары біздің кинематографистерге берілді.

Фестиваль туралы хабар тарату үшін Берлинге бүкіл әлемнен  келген журналистер де қазақстандық стендтің жұмысына жіті назар аударды. Бейіндік журналдар Қазақстан киноиндустриясының жаңалықтарына жеке бет арнад.

Мәселен, жетекші американдық TheHollywoodReporter журнал Қазақстанның Берлиналеге қатысуына материал арнады. Басылым беттерінде журналист Ник Холдсворт таяуда жаңадан қабылданған бейіндік «Кинематография туралы» Заңның шеңберінде Қазақстанда алғаш рет Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының құрылғаны туралы жазды. Бірақ Қазақстанның басты жетістігі, Холдсворттің пікірінше, рибейтке –шетелдік кинокомпаниялар үшін 30%-дық жеңілдік беру бастамасы болып табылады.

«Бұл Орта Азиялық республикада таяуда ұлттық кино орталығы құрылды. Құрылым өзін мемлекеттік киноны қаржыландырудың, сондай-ақ шетелдік түсіру компаниялары тартылған кезде бірлескен өнім процестерінің бірыңғай операторы ретінде таныстырады. Мұнда сонымен қатар қазақ фильмдері халықаралық деңгейде сәтті ілгерілету жұмыстары жүргізілуде», - деп жазды The Hollywood Reporter.

«В этой центрально-азиатской республике недавно был создан национальный центр кино. Структура позиционирует себя в качестве единого оператора по части финансирования государственного кино, а также процессов копродукции, когда привлекаются иностранные съемочные компании. Здесь также успешно продвигаются казахские фильмы на международном уровне», - пишет The Hollywood Reporter.

Мақалада республика иелік ететін локацияларға қатысты Қазақстанның мүмкіндіктері атап көрсетілді. Осыған байланысты рибейт бойынша жеңілдік шетелдік кинематографистер үшін одан да тартымды бола түседі, деп санайды журналист.