ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

16 ақпанда ел астанасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, онда басқа мәселелермен қатар 2021 жылғы кино саласының мәселелері және оның негізгі міндеттері талқыланды. 

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мәдениет және архивтер саласындағы облыстық басқармалардың басшылары, мәдениет және архивтер саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде мәдениет министрі Дәурен Абаев ведомствоның 2021 жылғы жұмысын қорытындылап, 2022 жылғы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді

Сондай-ақ, отандық кинематографты дамыту мәселелері талқыланды.

«Мәдениет туралы» және «Кинематография туралы» қолданыстағы Заңдарға тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмыс жалғасуда», - деді министр.

Сондай-ақ, министр құрылымдық құндылықтарды танымал, көпшілікке арналған мағыналы кино өнімдерін шығару арқылы ілгерілету керектігін атап өтті. Министрдің айтуынша, азаматтардан түсетін шағымдардың көпшілігі балаларға арналған жаңа қазақстандық фильмдердің жоқтығына қатысты екен.

«Балалар жылында бұл мәселе ерекше өзектілікке ие. Мәдениет комитеті «Қазақфильм» студиясы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен бірлесіп, тиісті ұсыныстар әзірлеуі тиіс», - деп қорытындылады Абаев.  

 

17.02.2022