Берлинале-2020: Әлемнің басты кинофестивальдерінің бірі туралы не білуіміз керек

Кеше, ақпанның 20-сы Германияның астанасында 70-ші Берлин кинофестивалі басталып, онда Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының стенді Kazakh Cinema ұсынылатын болады.  

Үстіміздегі жыл әлемнің ең көне кинобайқауларының бірі үшін мерейтойлық жыл болғанымен қатар Берлиналеде айтарлықтай өзгерістер орын алды, және ол өзгерістер бүкіл әлемге әйгілеу керек.


photo by Fabrizio BenschReuters

Атап айтар болсақ, биыл фестиваль алғаш рет соңғы 18 жыл бойы Берлиналенің бас директоры қызметін атқарып келген Дитер Коссликтің қатысуынсыз өтеді. Оның лауазымы  осы  алаңның 70 жылдық тарихындағы алғашқы әйел-директор болып отырған Мариетте Риссенбекке ауысты. Байқаудың көркемдік жетекшісі лауазымын бұрын Локарнодағы кинофестивальдің бас директоры қызметін атқарған Карло Шатриан иеленді.  

Өкінішке қарай, биылғы жылы қазақстандық көрсетілімдер фестивальдің ресми бағдарламаларының ешқайсысында ұсынылмады. Алайда, біздің төрт отандасымыз жас кинематографистерге арналған әр түрлі білім беру секцияларына Қазақстан атынан қатысатын болады. Атап айтқанда, продюсер Юлия Ким мен композитор Ақмарал Зықаева (Мерген) Berlinale Talents бағдарламасына қатысатын болса,  режиссер Ольга Коротько Script station секциясына іріктеліп, кастинг директор Надин Цой ең ірі бейіндік ұйым болып табылатын Халықаралық кастинг-директорлар қауымдастығына кірді.  


photo by Gregor FischerGlobal Look Press

Биыл байқаудың негізгі бағдарламасында Вадим Перельманның  «Парсы сабақтары» картинасының ұсынылғаны – есте қаларлық жайт, бұл  режиссер "Тень звезды" («Жұлдыздың көлеңкесі») жобасымен өткізілген «Халықаралық қосалқы өнім» секциясында Қазақстанның Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының екінші питчингі финалистерінің қатарына кірген.

2013 жылы қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің "Үйлесімділік сабақтары" картинасы Берлин кинофестивалінің негізгі байқауында ұсынылып, көрнекті көркем жетістіктері үшін "Күміс аю" белгісін алғанын естеріңізге сала кетейік (лауреаты картинаны қоюшы-оператор Азиз Жамбакиев болған).

Анықтама үшін:

Berlinale Talents (ранее Berlinale Talent Campus) – кинематограф және драматургия саласындағы 250 үздік жас маманға арналған желілік платформа. Платформаға қатысушыларды Халықаралық комитет іріктейді. Мамандарға қойылатын негізгі шарттардың бірі – кинематографтағы жұмыс өтілі он жылдан аспауы тиіс.

Фестиваль барысында қатысушылар жетекші сарапшылармен және аты әлемге әйгілі режиссерлермен кездесіп, бизнестегі инновациялар мен  түрлі үрдістерді талқылап, жобалық зертханаларда өздерінің меншікті жобаларын әзірлеп, оларды фестиваль көрермендеріне ұсыну мүмкіндігін иеленеді.

Платформаға барлығы әлемнің 130 елінен үш мыңға жуық маман қатысады.

Script station – Berlinale Talents-тің жанындағы зертхана, онда жас кинематографистер өз сенарийлерін реттеу үшін , сондай-ақ  туындыларының тарихы мен кейіпкерлерінің сипатын тереңдету үшін белгілі бейіндік кеңесшілермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қатысушылар ұстаздарының қолдауымен өз жобаларын өзге қатысушыларға көрсету мүмкіндігін иеленетін болады.