Берлинале-2020-де Kazakh Cinema стенді ашылды

Өткен демалыс күндері қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл дүние жүзінің кино қауымдастығы назарын өзіне аударған Берлин кинофестивалінде ұлттық Кино орталығының Қазақстанды әлемнің қарқынды дамып келе жатқан кино алаңының бірі ретінде таныту жөніндегі салтанатты іс-шара өткізілді.

Қонақтарды қарсы алған Қазақстаннан келген делегаттар тобы негізінен соңғы кездегі трендтерге сай кинематографта белсенді қызмет атқарып жүрген әйелдерден құралды, атап айтқанда, олар: «ҰКМҚО» ҰАҚ басқармасының төрайымы Гүлнәр Сәрсенова, Кино орталығы басқармасы төрайымының кеңесшісі әрі халықаралық бағыт жетекшісі қызметін атқаратын Анна Качко және Кино орталығының халықаралық сарапшылары Регина Тодеренчук, Есения Әбенова, Әсел Ырыс.

Сонымен қатар қазақстандық делегация құрамына: Astanatelefilm компанисының продюсері Әлия Увальжанова, Eurasia Talents байқауының бас директоры Лаура Ерғалиева мен кастинг-директоры Надин Цой, глава «Қазақфильм» киностудиясы халықаралық департаментінің басшысы Ольга Хлащева, продюсер Юлия Ким, композитор Ақмарал Зықаева (Mergen), режиссер Ольга Коротько және Алматы қ. Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев пен «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Анимациялық кино» студиясының басшысы Адай Әбілдиновтар кірді.

Бұл іс-шара фестиваль көрермендірін айтарлықтай дүрліктірді – Kazakh Cinema стендін төрт жүзге жуық адам қызықтады. Бірқатар беделді кинематографистер мен ең ірі деген ұйымдардың басшылары Қазақстанмен ынтымақтастық жүргізуге қызығушылық танытты. Атап айтқанда, стендті көруге келген қонақтардың ішінде Халықаралық кинокомиссиялар қауымдастығының президенті Джесс Коноплия (США), Израиль кино қорының директор Катриэль Шори, «Роскино» компаниясының бас директоры Евгения Маркова, «СТВ» компаниясының Сергей Сельянов, Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Кәріпов, Берлиндегі Қазақстан-Германия қоғамының директоры Галина Нуртасиновалар болды.

Kazakh Cinema өкілдері қатысқан іс-шаралардың және осы көрсетілімнің басты мақсат-нысаны қазіргі кездегі қазақстандық кино индустриясының алуан түрлілігі жайлы жаһанға жар салып, елімізді халықаралық киножобаларды іске асыру үшін аса ыңғайлы алаң ретінде көрсету болып табылады.

Қазақстандық делегация.  (фотосуреттің ортасында) Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Кәріпов.

Қазақстандық делегация. (фотосуреттің ортасында) Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Кәріпов.

(солдан оңға қарай) Алматы қ. Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев, СТВ кинокомпаниясы мен «Мельница» студиясының басшысы Сергей Сельянов (Ресей), Гүлнәр Сәрсенова, Анна Качко, The Hollywood Reporter басылымының журналисті Ник Холдсворт.

 продюсер Burhan Ozkan (Түркия), Eurasia Talents директоры Лаура Ергалиева продюсер, Omer Genk (Түркия)

продюсер Burhan Ozkan (Түркия), Eurasia Talents директоры Лаура Ергалиева продюсер, Omer Genk (Түркия)

YBF UK Ltd. Компаниясының басшысы Julek Kedzierski (Великобритания) және Kazakh Cinema-ның халықаралық сарапшысы Регина Тодеренчук.

YBF UK Ltd. Компаниясының басшысы Julek Kedzierski (Великобритания) және Kazakh Cinema-ның халықаралық сарапшысы Регина Тодеренчук.

(фотосуреттің ортасында) Висбаден фестивалінің бас директоры Хелен Геритцен (Германия)

(фотосуреттің ортасында) Висбаден фестивалінің бас директоры Хелен Геритцен (Германия)

312

(фотосуретте оң жағында) German Films (неміс киносын ілгерілету ұйымының) бас директоры Симона Бауман

(фотосуретте оң жағында) German Films (неміс киносын ілгерілету ұйымының) бас директоры Симона Бауман

123

Бенжамин Иллос

(солдан оңға қарай) - Михаэл Ханеке фильмдерінің продюсері Файт Хайдушка (Германия), Гүлнәр Сәрсенова, Файта Хайдушканың жары, Анна Качко.

(солдан оңға қарай) - Михаэл Ханеке фильмдерінің продюсері Файт Хайдушка (Германия), Гүлнәр Сәрсенова, Файта Хайдушканың жары, Анна Качко.

Украиндық просюдерлер

Украиндық просюдерлер

Wizart Animation компаниясының бас продюсері Юрий Москвитин, Wizart Animation компаниясының продюсері Владимир Николаев, «Анимациялық кино» студиясының Адай Әбелдинов.

Wizart Animation компаниясының бас продюсері Юрий Москвитин, Wizart Animation компаниясының продюсері Владимир Николаев, «Анимациялық кино» студиясының Адай Әбелдинов.

(солдан оңға қарай) Анна Качко, «Российская газета» басылымының журналисті Сусанна Альперина, «Роскино» компаниясының бас директоры Евгения Маркова

(солдан оңға қарай) Анна Качко, «Российская газета» басылымының журналисті Сусанна Альперина, «Роскино» компаниясының бас директоры Евгения Маркова

(солдан оңға қарай) Ресейдегі француз киносы фестивалінің директоры Карина Данилеу және халықаралық сатылымдар жөніндегі агент Лоран Даниелу

(солдан оңға қарай) Ресейдегі француз киносы фестивалінің директоры Карина Данилеу және халықаралық сатылымдар жөніндегі агент Лоран Даниелу

Израиль кино қорының директоры Катриэль Шори

Израиль кино қорының директоры Катриэль Шори

Дастарқан басында