ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Бауыржан Шүкенов Кино орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Бауыржан Шүкенов «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бауыржан Камалұлы республикалық коммерциялық кинопрокаттың негізін қалаушылардың бірі, отандық авторлық киноны ілгерілету және фестиваль қозғалысын қолдау бойынша жұмыс істеген. Ұзақ жылдар бойы «Арман» кино орталығының атқарушы директоры ретінде қызмет етті. 2019 жылдан бастап Бауыржан Шүкенов Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің құрамында болды. Бауыржан Камалұлы қазіргі тағайындалуының алдында «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. 

ҰКҚМО Басқарма Төрағасы Е. Қосыбаевтың айтуынша, Бауыржан Шүкеновты негізгі басшылық лауазымдардың біріне тағайындау Кино орталығы жұмысының жаңа бағыт алуын білдіреді.

«Бауыржан Камалұлының академиялық білімі Кино орталығының жұмысына үлкен үлес қосады. Ол «Кинематография туралы» Заңды әзірлегендердің бірі, қазіргі уақытта осы Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамында. Оның Кино орталығына келуі Кино орталығы жұмысының жаңа бағыт алуын білдіреді, ол питчингтер өткізу арқылы мемлекеттік қаржыландыруды бөлуге ғана емес, сонымен қатар ҰКҚМО барлық қызметін әртараптандыруға бағдар алады. Әңгіме отандық кинотеатрлар желісін дамыту және қалпына келтіру, бірыңғай кинобилет жүйесін (ЕАИС) енгізу, кинофестивальдер өткізу сияқты маңызды бағыттар туралы болып отыр. Бүгінде, пандемия жұмысымызға айтарлықтай түзетулер енгізуде және біз жаңа жағдайға бейімделуіміз керек, яғни мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржыландыру сұрамай қазір киноиндустрияны дамыту үшін қажет нәрсені жасау қажет», - деп атап өтті Есетжан Қосыбаев. 

Еске сала кетейік, 2010 жылы Бауыржан Шүкенов Қазақстанда «Бүгінгі француз киносы» фестивалін өткізудің бастамашысы болды, фестиваль қысқа мерзім ішінде танылып, көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді. Unifrance агенттігінің қатысуымен өткізілетін бұл фестиваль бірқатар жарқын тұсаукесерлермен есте қалды және республиканың мәдени өмірінде әрқашан күтілетін шараға айналды. Өзінің кәсіби қызметі үшін Бауыржан Шүкенов жоғары награда - Француз Республикасының «Өнер мен әдебиеттегі еңбегі үшін» орденімен марапатталды. Қазіргі уақытта ол Батырхан Шүкенов атындағы қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады.

05.05.2021