Қазақстанның жас киносы: пандемия дәуіріндегі шығармашылық

Құрметті әріптестер!

Германиядағы Герман-Қазақ қоғамдастығы, Абай үйі және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті Сіздерді Қазақстан кинематографистерімен «Қазақстанның жас киносы: пандемия дәуіріндегі шығармашылық» тақырыбында өтетін онлайн-кездесуге шақырады.

Модераторлар: Әсия Байғожина (Алматы) және Галина Нұртазинова (Берлин).

Өткізу күні мен уақыты: 2021 жылғы 10 маусым,  18:00-20:00 (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының уақытымен), 14:00–16:00 (Орталық Еуропа уақытымен).

 Zoom жүйесіне кіру сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/87251704527?pwd=cHoxaDFwMjRjMXlOR3ExbVFpenhKdz09

 

Қазақстанның жас киносы халықаралық кинофестивальдерде жақсы қырынан көрінуде. Онлайн форматқа өткен кинофорумдар оның даму барысын қадағалауды жалғастыруда. Мәселен, сәуір айында Висбаденде өткен GoEast ХКФ биыл Орталық Азия киносына басымдық берді.   

Қазақстан ағымдағы жылы Berlinale 2021 фестиваліне қатыспаса да, бұған дейін Германия астанасындағы кинокөрсетілім алаңында Рашид Нұғманов, Серік Апымов, Ардақ Әмірқұлов, Сатыбалды Нарымбетов, Жанна Исабаева сияқты шеберлеріміз біздің ұлттық кинематографты таныстырған. «Уроки гармонии» атты дебюттік фильммен қатысқан Эмир Байғазинді Берлиналенің қызыл кілемі жеңіске алып келді. Дәл осы себептен, Берлинде, ашық аспан астында Berlinale 2021 екінші кинокөрсетілім бөлімі өткізіліп жатқан уақытта, Сіздерді жас қазақстандық кинематографистермен, олардың шеберлерімен және кинотанушылармен әңгімелесуге және пандемиядан кейін Қазақстан киносын кім және қалай таныстыра алатындығын талқылауға шақырамыз.

  • Коронавирус кезінде жергілікті кино әлемі қандай өзгеріске үшырады?
  • Қазақстанның жаңа киносы қандай?
  • Бүгінгі қазақ киносының жас буынында болу оңай ма?
  • Үлкен экран деп соғатын жүрегіміз қандай өзгерістерді қалайды, оны іске асыру үшін не істеу керек?

Бұл жайында ҚазҰӨА мен Алматыдағы «Тұран» университетінің, Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық өнер университетінің режиссерлері, продюсерлері, кинотанушылары, курс шеберлері мен студенттері, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшылығы біздің онлайн-форумда өз ойларын білдіріп,  ұсыныстарымен бөліседі. 

 

Сіздерді  онлайн-конференцияға шақырамыз және қатысуды электрондық пошта арқылы растауды сұраймыз:  info@dekasges.de, атауында «Қазақстанның жас киносы» деп көрсету қажет.

Zoom-конференцияға  келесі сілтеме бойынша кіруге болады: https://us02web.zoom.us/j/87251704527?pwd=cHoxaDFwMjRjMXlOR3ExbVFpenhKdz09

Кездесуде Сіздерді және сіздердің достарыңызды, әріптестеріңізді күтеміз.    

 

Қосымша сұрақтар бойынша Германиядағы Герман-Қазақ қоғамдастығы және Абай үйінің директоры Галина Нуртазиноваға хабарласуға боладый, e-mail: info@dekasges.de mobile: +49 177 572 33 00 (WhatsApp).

 

Фото: Shutterstok