Қазақстандық киноконтентке бағыт ал

Бірден бірнеше танымал онлайн-кинотеатрлар мен киноплатформалар қазақстандық кино көруге ұсынады. Қолайлылық үшін біздің көрермендеріміз естіп-білген, бірақ әлі көріп үлгермеген фильмдердің арнайы топтамалары іріктеп алынған. Біздің бүгінгі үйде өткізетін каникулымыз – отандық кинематографты бағалауға арналған уақыт.

Бұл орайда IVI.RU ең танымал алаңдардың бірі болып отыр. Мұнда мына аталғандарды таба аласыздар:

  • Әлемдік прокаттағы кассалық жиналымдары ең көп болған, қазақ тіліне дубляж жасалған фильмдер: «Малефисента», «Стражи Галактики», «Мстители», «Книга Джунглей» және т.б. https://www.ivi.ru/collections/movies-kz-lg.
  • Түпнұсқа тілде көрсетілетін қазақстандық телехикаялар: «Молодожены», «Асель, друзья и подруги» , «Ғашық жүрек», «Приказ вернуться живым» т.б. https://www.ivi.ru/collections/series-kz-lg.
  • Disney және Pixar компанияларының қазақ тіліне дубляждалған үздік мультипликациялық фильмдері: «Университет монстров», «Моана», «Белоснежка», «В поисках Немо» т.б. https://www.ivi.ru/collections/animation-kz-lg.

MEGOGO бейнекөріністер қызметінің қазақстандық көрерменге арналған көлемі ауқымды кинотекасы бар. Онда мына фильмдерді онлайн көруге болады:

Ш.Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» киностудиясының «Алтын қорына» кірген: «Девушка-джигит», «Меня зовут Кожа», «Лютый», «Транссибирский экспресс» т.с.с. фильмдерді тегін көру мүмкіндігінің ашылуы керемет сыйлық болды. https://www.youtube.com/watch?v=HUCtMYG2YP0&list=PLep7U8bAf-bSleFh9PPv-BUswQL36o9b1.

Дендеріңіз сау болсын, отбасыңызбен пайдалы әрі қызықты фильмдерді көріп, демалыңыздар!