Ақылды кино

 «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Есетжан Қосыбаев пен оның ресейлік әріптесі – «Умная Цивилизация» АКЕҰ Басқарма Төрағасы Олег Костин Кино орталығының Алматы қаласындағы кеңсесінде кездесу ұйымдастырып, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, екі тараптың да кино саласындағы бірлескен жобаларға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстандық және ресейлік серіктестер кинематография саласындағы ынтымақтастықтың тарихи тәжірибесін негізге алып, жобаларды пысықтауда бірінші кезекте нақты оқиғалар мен кейіпкерлерге байланысты сюжеттерге сүйенетін болады. Шығармашылық жұмыстың жеке бағыты ретінде футуристік жобалар форматындағы болашақтың бейнесін жасау ұсынылды. Бұл ретте, киножобалардың өздері әртүрлі жанрда болуы мүмкін: көркем, деректі, анимациялық фильмдер, тіпті телешоулар.

- Біздің «Умная Цивилизация» платформамыз жұмысты үш бағытта қалыптастырады ‒ ғылыми-теориялық, медиалық және жобалық, - деп, Олег Костин түсініктеме берді. «Умная Цивилизация»-ның медиа бағыты қазіргі қоғам үшін өзекті бірқатар сұрақтардың жауаптарын визуализациялаудан тұрады. Платформа инвестициялар мен стартаптардың перспективалы түрлерімен жұмыс істеуді көздейді,  олардың міндеті — табысты қаржылық нәтижелерге қол жеткізіп қана қоймай, кейінгі ұрпаққа қарқынды дамып келе жатқан өзіндік мәдени-тарихи қоғамға негізделген әлемді қалдыру, өркениеттік сан алуандықты дамытуға үлес қосу.

Ресейлік платформаның өндірушілері қазіргі ақпараттық кеңістікте мультимедиялық және бейне өнімдер маңызды рөл атқаратынына сенімді.

«Әлеуметтік желідегі бейнероликтер мен трансляциялар, деректі фильмдер, сериалдар, толықметражды фильмдер идеялар, пікірлер мен сәйкестіктер кеңістігін құрады. «Ақылды кино» жобасы фильмдерінің міндеті — түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің даму тарихын, олардың жетістіктері мен өзара әрекетін тарихи перспективада және бүгінгі күннің шындығында айтып жеткізу.  Кино нақты шынайы оқиғалар, образдар мен кейіпкерлер арқылы өркениеттік әртүрлілікті көрсетуге мүмкіндік береді. Сериалдар мен толық метражды фильмдер форматындағы «Ақылды киноның» міндеті — қазіргі заманғы кейіпкерлердің бейнелерін, қазіргі уақытта ойлаушы көрерменді қызықтыратын мәселелерді бейнелейтін кино мен сериалдарды продюсерлеу және өндіру», - деп жоба сайтында көрсетілген (https://smart-civilization.com/).