ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев жас мәдениет қайраткерлерін қолдау туралы

Бүгін, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын мәлімдеді. Президент өз сөзінде мәдениетті дамыту мәселелерін де қозғады.

«Қоғамды топтастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен рөл беріледі. Бұл тұрғыда Қазақстанның мүмкіндіктері кең, оның ішінде халықаралық аренада тиімді жайғастыру мүмкіндіктері де бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұл мәселедегі біздің саясатымыз қайта қарауды талап ететінін айтты. «Қазір мемлекет көбінесе бюджетті қуана-қуана алатын белгілі бір қайраткерлердің жобаларын ғана қаржыландыратын болып жүр. Жаңа жанрлық форматтарды игеріп, үнемі тәжірибе үстінде жүретін, солай бола тұра меценаттардың есебінен өмір сүретін жас және талантты мүсіншілер, суретшілер, театралдар, музыканттар, жазушылар төменде қалып қойып жатыр. Казақстандық мәдениет солардың арқасында жаһандық үндестікке ие болады емес пе?! Сондықтан, Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жаңа мәдениет пен оның дарынды өкілдерін ілгерілетуге бағытталған практикалық шаралар жоспарын ұсынуы тиіс», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге білімді жас мамандар қажет екенін айтты. «Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кемінде               100 мың жоғары білікті ІТ-мамандарын даярлау қажет. Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кем дегенде                    500 миллион долларға жетуі керек. Осы және басқа да міндеттер мемлекеттік сектордың толық цифрлық қайта жаңғыртылуын талап етеді. Мұндағы басты және бұрыннан келе жатқан проблема мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялануының болмауы. Бұл мәселе мүмкіндігінше жақын арада түбегейлі шешуді талап етеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент атап өткен келесі маңызды міндет бірыңғай механизм ретінде қызмет етуге міндетті мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты  болып табылады. «Мемлекет басшысының бағытына күмән келтіретіндер, жұмысын орындай алмайтындар, уақытты босқа өткізіп, Президент тапсырмасын орындаудан жалтаратындар атқаратын лауазымдарын босатуы тиіс деп пайымдаймын.  Қазір біз дамуымыздың шешуші кезеңіне аяқ бастық. Мемлекеттік аппарат бірыңғай механизм ретінде жұмыс істеуге міндетті. Тек осы жағдайда ғана біз алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз», - деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

01.09.2021