ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

2023 жылдың 6 сәуірінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

ҰКҚМО-ның Алматы қаласындағы кеңсесінде өткен отырыста Сараптама кеңесінің қызметіне байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Кеңестің жаңа төрағасы анықталды - бұл лауазымға көпшілік дауыспен Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов сайланды.

СК-тің жаңа құрамы 2023 жылғы конкурсқа қатысушылардың қайсысы мемлекеттік қаржыландыруды алуға үміткер бола алатындығын анықтауы керек. Байқауға барлығы 270-тен астам өтінім келіп түсті. Бес жұмыс күні ішінде Киноорталықтың мамандары келіп түскен өтінімдердің құжаттамалары тиісті нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін тексерді. Нәтижесінде мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер киножобаларды қорғауға 130 өтінім жіберілді.

Талаптарға сәйкес келмейтін және/немесе құжаттардың толық емес пакеті бар өтінімдер өтініш берушілерге үш жұмыс күні ішінде қайтарылатын болады.

Ашық қорғауға жіберілген киножобалар тізімімен мына жерде танысуға болады.

Ашық қорғау өтетін күндері мен өткізу кестесі кейінірек жарияланатын болады.

11.04.2023