ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

2022 жылғы 29 сәуірде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің жаңа құрамы жұмысқа кірісті. 

Сараптама кеңесінің шешімі бойынша мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауына 208 өтінім жіберілді. Ашық қорғауды өткізу күндері 2022 жылғы 24-28 мамыр аралығы болып бекітілді.   

Киножобалардың тізімі және ашық қорғауды өткізу кестесі сілтемеде.   

Алматы қаласындағы ҰКҚМО кеңсесінде өткен отырыстарда Сараптама кеңесінің қызметіне байланысты бірқатар ұйымдық мәселелер қаралды. Көпшілік дауыспен Сараптама кеңесінің төрағасы қызметіне Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов сайланды.    

Өз кезегінде «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев Сараптама кеңесінің жаңа құрамына табысты жұмыс пен өзара түсіністік тіледі.   

06.05.2022