Алматылықтар Абай жайлы фильмдерді көре алады

10 тамыз күні ұлы ақын және ағартушының мерейтойын тойлау аясында Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы әртүрлі жылдары түсірілген фильмдер кеші өтеді. Ақынның өмір тарихына және дүниетанымы мен шығармашылық жолына әсер еткен оқиғаларға шому – кинокөрсетілімнің мақсаты осы. Бұл ой карантиндік шаралар жағдайында кең аудиторияға кинофильмдерді көрсетудің мүмкін болған жалғыз қауіпсіз түрі – автомобильдік кинотеатрдың ашылуының арқасында жүзеге асырылды.

«Тикетон» компаниясымен ашылған автомобильдік кинотеатр қазірдің өзінде қазақстандық кинематографқа бірнеше сеанс арнады, ал енді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Абай Құнанбаевтың құрметіне әртүрлі жылдары түсірілген екі өмірбаяндық кинокартинаның ашық көрсетілімін өткізеді:

- «Абай өлеңдері» («Песни Абая») - Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы бойынша 1945 жылы түсірілген режиссерлер Григорий Рошаль және Ефим Аронның картинасы

- «Абай» - режиссер Ардақ Әмірқұловтың ұлы ақынның 150-жылдығына орай 1995 жылы түсірген қазақстандық-француздық өндірісті көркем фильмі.

Кинотеатрдың жаңа, ал анығын айтқанда көптен ұмыт болған ашық аспан астындағы ескі пішімі өз жұмысын «Атакент» көрме орталығының аумағында бастады және 200 автокөлікке есептелген. Ойды жүзеге асырушылар іс жүзінде байланыссыз қатысуды қамтамасыз етті: билетті тек сайтта ғана сатып алуға болады, бүкіл киносеанс кезінде көрермендер бір-бірінен едәуір қашықтықта тұрақтаған автокөліктердің ішінде отырады. Бұл ретте келушілер попкорн мен сусындарға онлайн-кинобарда тапсырыс бере алады. Дәмдер зауыттық, ауа кірмейтін қаптамада тікелей автокөлікке жеткізіледі. Көрермендерді орасан зор кинотеатрлық экран және әр автокөлікке радиотолқын бойынша берілетін сапалы дыбыс қарсы алады.

Сонымен бірге RG Brand Kazakhstan компаниясы Pepsi және Yeti сауда белгілерімен кинокөрсетілім серіктесі болады, компания келушілерге тегін сусындар ұсынады.

Фильмдердің көрсетілімі 20:30-да және 23:00-де өтеді. Тегін көрсетілімдерге билеттерді «Тикетон» автокинотеатры сайтында брондауға болады.