АЛМАТЫДА ҰЛТТЫҚ КИНООРТАЛЫҚТЫҢ ЕКІНШІ ПИТЧИНГ БАСТАЛДЫ

Қазақстан киноиндустриясында  көптен күттірген ең маңызды оқиғалардың бірі өз уақытына жетті. Бүгін, 27 ақпанда Алматыдағы Достық үйінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингі басталды.

Кино индустриясының танымал кәсіпқой мамандарынан құралған команда Киноорталыққа келіп түскен 250-ден астам өтінімді қарастырды және қаржылай қолдауға үміткер бола алатын 88 неғұрлым перспективалық жобаны іріктеп алды.

Естеріңізге сала кетсек, екінші питчингке жіберілген жобалардың жалпы саны – 88. Олардың арасында көркем фильмдер – 22, деректі фильмдер -18, авторлық фильмдер – 8, анимациялық фильмдер – 6, қысқа метражды фильмдер – 9, дебюттік фильмдер – 14, халықаралық бірлескен өнім – 5, "Абай" тақырыбы бойынша – 3, «Алыстағы ағайын» деректі фильмдер конкурсы бойынша – 3. Мемлекеттік қаржыға күресетін жобалардың толық тізімімен мұнда таныса аласыз. 

Бұл питчингтің бірегейлігі және басты ерекшелігі – қалау білдірген кез келген адам жобалардың қорғалуын орталықтың YouTube-гі ресми арнасынан онлайн режимде қадағалай алады.

Шығаруға мемлекеттік қаржылай көмек көрсету үшін ұлттық фильм деп тануға үміткер киножобаларды екінші конкурстық іріктеу бойынша қорғау