ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Құрметті әріптестер, Сіздердің назарларыңызға алдағы киножобаларды қорғау келесі тәртіпте өтетінін жеткіземіз: 

1) кинокомпаниялардың өкілдері өздерінің киножобаларын қорғауға кестеде белгіленген уақыттан 30 минут бұрын келуі тиіс. Алғашқы бес жобаны қорғайтын қатысушылар 09:00-ден кешікпей келуі керек;  

2) киножобаны қорғауға оның үш өкілінен көп емес адам саны жіберіледі  (продюсер, қоюшы режиссер, сценарий авторы);

3) қорғау өтетін күні жобаның презентациясын алдын ала дайындап, Кино орталығының қызметкерлеріне кейіннен экранға шығару үшін .pptx немесе .pdf форматтарында флеш жинақтағышта ұсыну қажет.  

Монтаждау-тондау кезеңін қаржыландыруды сұраған кинокомпаниялар Сараптама кеңесіне түсірілген материалды трейлер түрінде (ұзақтығы 3 минуттан көп емес) .mp4 форматында флеш жинақтағышта ұсынуы қажет.  

 

Кино орталығының қызметкерлері презентациялар мен трейлерлердің экранға уақтылы және дұрыс шығарылуы үшін жауап бермейді, егер:

1) материалдар сілтемелер бойынша немесе деректердің қосымша жүктелуін талап ететін өзге де тәсілдермен ұсынылған болса;

2) материалдар жоғарыда көрсетілген форматтарға сәйкес келмесе.

Конкурсқа қатысушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың Сараптама кеңесінің отырысы өтетін жерге тек өзінің киножобасын қорғайтын күні және бекітілген кестеге сәйкес келуіне жол беріледі.  

Киножобаларды қорғау Кино орталығының YouTube арнасында нақты уақыт режимінде көрсетілетін болады.

18.05.2022