Мемлекеттік қаржылық қолдауға үмітті киножобаларды ашық қорғау 2021 жылғы 8 - 14 қыркүйек аралығында өтеді.
8-10 қыркүйек аралығында жобаларды қорғау Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, 1 қабат, Н.Дәулетова атындағы мәжіліс залында өтеді.
13 және 14 қыркүйекте жобаларды қорғау Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 85, «Алма-Ата» қонақ үйі, 2 қабат, «Астана» конференц-залы мекенжайы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында өтеді.
Ашық қорғауды жүргізу регламенті.
Ашық қорғауға жіберілмеген фильмдер тізімі.
Ашық қорғау ҰКҚМО-ның ресми YouTube арнасында онлайн режимде көрсетілетін болады.
Біздің www.kazakhcinema.kz сайтындағы жаңалықтарды бақылап отырыңыз.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 (727) 344 2931 («ҰКҚМО» КЕАҚ кеңсесі), +7 707 125 7368 (Өндіріс бөлімінің маманы Айгүл Ізмағанбетова) нөмірлері немесе projects@kazakhcinema.kz эл. поштасы арқылы байланысқа шыға аласыз.
06.09.2021