27 ақпанда киножобалар питчингі басталады

2020 жылғы ақпанның 27-нен наурыздың 6-на дейін өткен жылдың қазан айында басталған мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер фильмдерді іріктеу аясында киножобалардың байқауы өткізіледі.

Алматы қаласы, Құрманғазы көш., 40 мекенжайында орналасқан Достық үйінде авторлар өз кино туындыларын қорғайды.

Іс-шараны өткізу уақыты: сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Сонымен қатар питчинг ҰКҚМО-ның YouTube-тағы ресми арнасында онлайн режимінде көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық фестивальдерге қатысуға айқын әлеуеті бар авторлық қойылымдар да, көпшілік көрерменге арналған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де, сонымен қатар деректі және қысқа метражды жобалар мен халықаралық қосалқы өнімдер де «ұлттық фильм» атағын иеленуге үміткер бола алады.

Шешімдер:

  • Жобаны әзірлеу
  • Сценарий
  • Тілі
  • Прокатқа шығару әлеуеті
  • Фестивальға қатыстыру әлеуеті
  • Тақырыбының өзектілігі
  • Режиссердің тәжірибесі (дебютанттар үшін: қысқа метражды туындыларының болуы)
  • Продюсердің тәжірибесі
  • Түсірушілер тобы
  • Жобаның материалдық-техникалық қамсыздандырылуы (анимация үшін)

Біздің www.kazakhcinema.kz сайтымыздағы жаңалықтарымызды қадағалаңыздар.

Іс-шараның регламенті қосымшада берілген.

Питчинг фильмдер тизімі

Питчингті өткізу кестесі