22 маусымда Marché du Film Канн кинонарығы жұмысын бастады, ол алғаш рет онлайн үлгіде өтеді

Әдетте мамыр айында өтетін және жылдың ең ауқымды кино оқиғасы болып табылатын халықаралық Канн кинофестивалі биыл өтпеді, бірақ Канн кинонарығын маусым айына ауыстыру шешімі қабылданды. Өйткені, ірі Канн кинонарығы әлемдік кинобизнестің маңызды құраушысы болып табылады және келешекте бүкіл жыл бойына дайындық береді.

Кинофестиваль басшылығы 3 маусым күні бұл фильмдердің барлығы жыл ішінде прокатқа шығуы тиіс деген шартпен Канн кинофестивалінің іріктеуінен өткен 56 картинаның тізімін жариялау оқиғасы да кинонарықпен тікелей байланысты болды. Бұл картиналардың барлығы дерлік виртуалды кинонарықта ұсынылады, осы ретте бұлар индустриалды аудитория үшін тұсаукесерлік көрсетілімдер болады.

Сондай-ақ, Marché du Film кинонарығы Cinando және Talque сияқты сервистердің арқасында кинонарықтың жұмыс күндері Marché du Film платформасында барлық аккредиттелген кәсіпқойлар қатыса алатын дөңгелек үстелдер, пікірталастар және таныстырылымдардан тұратын арнайы онлайн бағдарлама дайындады.

Қазақстанның атынан кинонарыққа Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, сондай-ақ халықаралық серіктестікке бағытталған қазақстандық киноиндустрияның ірі ойыншылары қатысады.

«Канн кинонарығының онлайн платформасы өзінің ауқымымен және техникалық мүмкіндіктерімен таңғалдырады, әсіресе, барлығы өте қысқа мерзімде дайындалғандығын есепке алсақ. Бүкіл әлем киноиндустриясының жетекші мамандарына қолжетімділік қарапайым бола түсті және нәтижелері тиімді болады деген үміттемін. 2020 жылғы виртуалды Канн кинонарығындағы «ҰКҚМО» КЕАҚ-ның басты міндеті - Қазақстанның «Кинематография туралы» Заң (салықтық жеңілдіктер жүйесі, коөнім және т.б.) қабылданғаннан кейін пайда болған мүмкіндіктерімен халықаралық киноқоғамдастықты барынша таныстыру, ҰКҚМО қолдауымен түсірілген немесе девелопмент/өндіріс сатысында тұрған қазақстандық  кинофильмдерді жылжыту» - деп «ҰКҚМО» КЕАҚ бас кеңесшісі және халықаралық әрекет кураторы Анна Качко  бөлісті.

Болжамдарға сәйкес, Marché du Film кинонарығы 8500-ден астам қатысушы жинайды. Олар үшін 1200-ден астам онлайн-көрсетілімдер ұйымдастырылады, ал 2300 толық метражды фильмнің құқығы сатып алуға қолжетімді болады.

Біз қазақстандық киноиндустрия үшін алғашқы виртуалды Marché du Film Канн кинонарығы ашатын мүмкіндіктер жайлы әңгімелеуді жалғастырамыз.