«Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы» КЕАҚ 2023 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу үшін конкурс жариялайды.
Картиналарды шығаруға өтінімдер келесі санаттар бойынша қабылданады:
* Әлеуметтік маңызы бар көркем фильмдер (қаржыландыру көлемі 100%-ке дейін)
мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін басымдықты тақырыптар:
- тарихи кино;
- балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер;
- спорт туралы фильмдер;
- көрнекті тарихи тұлғалар, мәдениет, ғылым және спорт қайраткерлері туралы фильмдер;
- сыбайлас жемқорлықпен күресу;
* Әлеуметтік маңызы бар анимациялық фильмдер (қаржыландыру көлемі 100%-ке дейін)
мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін басымдықты тақырыптар:
- балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер;
- халық дәстүрін сақтау;
- отбасылық құндылықтарды қорғау;
- спорт туралы фильмдер;
- өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
* Әлеуметтік маңызы бар деректі фильмдер, соның ішінде атаулы оқиғалы фильмдер (қаржыландыру көлемі 100%-ке дейін)
мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін басымдықты тақырыптар:
- отбасылық құндылықтарды қорғау;
- көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстандағы бірлік;
- халық дәстүрін сақтау;
- арамыздағы батырлар;
- көрнекті тарихи тұлғалар, мәдениет, ғылым және спорт қайраткерлері туралы фильмдер;
- ғылым және техника саласындағы жетістіктер;
- экология және табиғи ресурстарды қорғау;
- Атырау облысы табиғатының ерекшеліктері.
Жоғарыда көрсетілген барлық тақырыптар бойынша келесі санаттарда да өтінімдер қабылданады:
- Дебюттік фильмдер (қаржыландыру көлемі 100%-ке дейін)
- Кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған фильмдер (қаржыландыру көлемі құнынан 70%-ке дейін)
- Бірлесіп шығарылған фильмдер (аталған фильмдерді шығару туралы тиісті келісімдер шеңберінде).
Өтінім құжаттамасын қабылдау 2023 жылдың 6 наурызынан бастап, 2023 жылдың 30 наурызына дейін жүргізіледі.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттардың тізімі және оларды рәсімдеу ережелері сілтеме бойынша көрсетілген.
(«Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2019 жылғы 15 наурыздағы № 64 бұйрығы).
Өтінімдер сілтеме бойынша электронды түрде, сондай-ақ, қағаз нұсқасы ҰКҚМО-на мына мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 85, «Алма-Ата» қонақ үйі, 2 қабат, «Алматы» конференц-залы.
Талаптарға сәйкес келмейтін немесе құжат тізімі толық емес, сонымен қатар 2023 жылдың 30 наурызы сағ 18-00-ден кейін тапсырылған өтінімдер өтінім берушіге қараусыз қайтарылады.
Конкурсқа қатысу бойынша қосымша ақпаратты мына нөмірлер арқылы алуға болады:
+ 7 (727) 3410401, Алматы қаласындағы ҰКҚМО кеңсесі;
+ 7 (775) 418 63 39, Әділет Омаров, өндіріс бөлімінің басшысы;
+ 7 (707) 634 90 41, Мөлдір Кененбаева, өндіріс бөлімінің маманы;
+7 (707) 130 80 10 Дана Елюбаева, өндіріс бөлімінің маманы;
+7 (701) 556 03 08 Ақлима Зият, өндіріс бөлімінің маманы.
Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды және ұлттық фильмдерді шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау «Кинематография туралы» Заңының 12-бап 2-тармағына және 13-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетіледі.
06.03.2023