ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Бүгін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың тікелей тапсырмасымен вице-министр Нұрғиса Дауешев іс-сапармен келді. Нұрғиса Мұратұлы Киноорталықтың басшылығымен және Сараптамалық кеңестің өкілдерімен кездесіп, туындап отырған жағдайды талқылады. Сондай-ақ, вице-министр ашық конкурсқа құжаттары өткен және Ереже талаптарына сәйкес құжаттары қайтарылған киногерлермен кездесіп, пікірлерін тыңдап, сауалдарға жауап берді.

Тәуелсіз комиссия құру және киножобалардың ашық қорғауын өткізу күндерін кейін шегеру туралы қосымша хабарлаймыз.

19.05.2023