Құрметті әріптестер!
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2022 жылғы конкурстық іріктеуді өткізу мәселелері бойынша кезекті брифинг өткізілетінін хабарлайды.
Оффлайн форматында өтетін брифингке қатысуға киноөндіруші компаниялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз продюсерлер шақырылады.
Кездесу барысында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:
• Өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығына қатысты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына ҚР Қаржы министрлігі енгізген өзгерістер;
• Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарының нормаларын түсіндіру;
• Киножобалар конкурсына өтінім беру рәсімі;
• Мемлекеттік сатып алу сайтымен жұмыс жасау бойынша техникалық сұрақтар.
Егер белгілі бір себептерге байланысты Сіз брифингке қатыса алмасаңыз, бірақ талқыланатын мәселелерге қызығушылық танытсаңыз, сұрақтарыңызды алдын-ала press@kazakhcinema.kz поштасына жібере аласыз.
Сіздерді 5 сәуір, сағат 12.00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының акт залында күтеміз.
Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 707 130 8010 (Дана Елубаева, өндіріс бөлімінің маманы).
31.03.2022