ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

ҰКҚМО қолдауымен түсірілген режиссер Бекболат Шекеровтің «1941 жылдың жазы» атты әскери драмасы енді бірқатар танымал стриминг платформаларында қолжетімді болды, оның ішінде Kinopoisk, IVI, Okko, Premier және басқалары бар.

Еске сала кетейік, Қазақстанда аталмыш картина үлкен экрандарға 21 сәуірде, ал одан бір аптадан кейін ресейлік прокатқа шыққан. Көрермен туындыны жылы қабылдады, көптеген ақпарат көздері, оның ішінде Kinobusiness.com, Rewizor.ru, Kinoafisha.info, Moscultura.ru және басқалары тұсаукесері жайлы мақалалар жазды.

«1941 жылдың жазы» - кейіпкерлерге деген көзқарас тұрғысынан алғанда «классикалық» туынды болып табылады. «Сашка» лақап атымен танылған Әди Шәріпов (Азамат Нығманов) басқаратын кеңестік партизандар отряды – нағыз қаһармандар жасағы. Жақсылық пен жамандық арасындағы шекаралар нақты көрсетілген. Режиссура тек кеңестік жауынгерлердің батырлығы арқылы ғана емес, олардың жанында орын алып жатқан психологиялық драма арқылы жақсы көрсетілген», - деп жазады Rewizor.ru.

Туынды стриминг платформаларына шыққаннан кейін, желіде бірден кинокритиктердің де, қарапайым көрермендердің де пікірлері пайда бола бастады.  

«Сұм соғым жайлы көруге тұрарлық фильм. Негізінде қазақ жазушысының әскери өмірбаянынан алынған шынайы тарих жатыр.Ол екі жылдан астам уақыт Белоруссия ормандарында партизан отрядын басқарған. Фильмді көргенге дейін бұл туралы білмеппін. Фильмнің кейбір жерлерін мен үшін көру қиынға түсті, қөз жасынсыз қарау мүмкін емес», - деп көрермендердің бірі өз әсерімен бөлісті.

Бұл Ұлы Отан соғысына арналған алғашқы, шынымен де ауқымды қазақстандық көркем фильм. 1991 жылдан кейін Қазақстанда бұл тақырыпта тек кішігірім киножобалар мен телевизиялық сериалдар шығарылған. Танымал сценарист, кинодраматург Бекболат Шекеров үшін бұл фильм режиссерлік дебюті болды.

 

12.05.2022