ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

«18 килогерц» Қазан қаласындағы кинофестивальде Гран-приге ие болды

Режиссер Фархат Шәріповтың «18 килогерц» фильмі ХVII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің бас жүлдесіне – үздік толықметражды ойын фильмі үшін Гран-приге ие болды. Сондай-ақ, картина операторлық жұмысы үшін де (Александр Плотников) марапатталды. ХVII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан Республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті, биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.

Өткен жылы қазақ киносы тарихында алғаш рет «18 килогерц» фильмі 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды.

Бүгінде режиссер Фархат Шәріпов «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша кезекті «Хардкор» картинасын картинасын жасау үстінде. Алдағы күндері Алматыда фильмнің соңғы түсірілім жұмыстары өтеді.

11.09.2021