Инвестициялық субсидиялау

Кинематография саласындағы субсидиялау қайтарылмайтын негіздегі бюждеттік субсидиялау түрі болып табылады және Қазақстан Республикасында фильм өндіретін шетелдік заңды тұлға фильм түсіруге берген ұсынымы күніндегі заңға сәйкес және заңмен бекітілген республикалық бюджеттен бөлінетін бір айлық есептік көрсеткіштің жүз отыз мың есе мөлшерінен кем емес инвестиция алуға келісімге қол қойған жағдайда берілетін субсидия.

Кинематография саласындағы субсидия бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін фильмге қатысты жұмыстар, қызметтер және тауарларға жұмсалатын соманың отыз пайызға дейінгі қаржысын беру қарастырылған.

Шетелдік заңды тұлға Қазақстан Республикасында өндіруге, ал қазақстандық тарап субсидия төлеуге міндеттелген келісім-шарт Келісім болып табылады.


Субсидиялау шарттары

Субсидия Қазақстан Республикасы аумағында түсірілетін фильмге (үзінділері, фильмнің эпизоды) қатысты жұмсалған қаржынының отыз пайызына дейінгі сомасын өтеу арқылы беріледі.

 Субсидия беру шарттары:

 1) субсидия шетелдік заңды тұлғаға беріледі (оның филиалы және өкілетіне);

 2) инвестиция көлемі ұсыным берген күнгі және республикалық бюджет туралы заңда бекітілген  айлық есептік көрсеткіші жүз отыз мың есе мөлшерінен кем емес болады;

 3) фильмнің өндірісі (үзінділері, фильмнің эпизоды) Қазақстан Республикасы аумағында өтуі міндетті.


Құжат тізімі

Субсидия алу үшін шетелдік заңды тұлға (оның филиалы және өкілеті) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына төмендегі құжаттарды беруі тиіс:

 1) өтініш беру формасы;

 2) инвестордың заңды мәртебесін растайтын құжат;

 3) құрылтайшы құжаттары;

 4) фильмнің қысқа мазмұны (синопсис);

5) киножоба*;

 6) жоспарлы жұмсалатын қаржының есебі;

 7) киножобаның таныстырылымында: киножобаның аты, сценарий авторы(авторлары), қоюшы режиссер, өндіруші компания, басты кейіпкерлер туралы қысқаша ақпарат, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар болуы шарт;

8) Ұсыным формасы.

 Шет тіліндегі құжаттар мен материалдардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы қоса жүруі тиіс.

 Ұсынылған құжаттар мен материалдарға рецензия жазылмайды және қайтарылмайды.

*киножоба - фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы)


Өтінім беру

Өтінім жеке тұлғадан берілсе, оның қолы қоюлы тиіс, егер де заңды тұлға атынан берілсе, компанияның қолы мен заңды тұлғаның мөрі болу тиіс.>

Электронды құжат келесі форматтарда болуы мүмкін: PDF, DOC/DOCX, TIF/TIFF, JPG/JPEG. Бастапқы және сканерленген құжаттың пішімі - А4 (210 х 297 мм), суреттің масштабы - 100%. Сканерлеу кезіндегі түс гаммасы – ақ-қара. Сканерленген құжаттың мазмұны компьютер мониторында да, қағазға басып шығарғанда да оқып түсінуге анық болуы тиіс.

Файлдарды міндетті түрде мұрағаттандыру керек. Мұрағаттандыру үшін келесі мұрағаттандыру бағдарламаларын қолдану керек: WinRar, WinZip.Е-mail арқылы жолданатын мұрағат 15 Мб аспау тиіс, осы көлемнен артқант кезде мұрағат бірнеше томға бөлінуі тиіс.

Мұрағатталган файл осы формаға тіркеліп немесе Субсидияға өтінім беру белгісімен info@kazakhcinema.kz электронды поштасына жолдауға болады.

Қосымша ақпарат үшін: +7 /7172/ 72-50-88, қосымша нөмір 113, 116 (өндірістік бөлім)