Қазақстан 30 % қаражатты қайтару бағдарламасын қолданысқа енгізбекші

Дереккөз: https://www.hollywoodreporter.com/news/kazakhstan-launches-30-percent-cash-rebate-1241320

Кино туралы әлемнің ең басты шығарылымдарының бірінде  The Hollywood Reporter – Қазақстандық кинор саласы жайлы мақала жарияланды. The Hollywood Reporter баспасын жаңа режиссерлер, киностудиялардың иелері мен тіпті президенттер оқиды.Келесі жылы бұл әйгілі брен өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді!

Бөлісу:

visibility 52

Жаңа ұлттық кино орталығы ақша қаражаттарын қайтару (рибэйт) процессін бастамақ. Бұл жүйе арқылы шетелдік компаниялар елімізде кино шығаруға шығындаған қаражаттарының үшінші бір бөлігін қайтара алады. Мұнай мен газға бай Орталық Азия елінде рибэйттің көлемі фильм, телехикая немесе аудиовизуалдық жоба бюджетінің 30% құрайтын болады, ал ол $ 850,000 кем болмауы тиіс.

Рибэйтті енгізу қаңтар айында қабылданған және шілде айында ратификацияланған «Кинематография туралы» Заңмен қарастырылған, және осы Заңға сәйкес Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған.

Кеңселері Нұр-Сұлтан қаласында (бұрыңғы атауы Астана, ағымдағы жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген) және кино саласының басты алаңы Алматы қаласында орналасқан Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қазақстандық кинематографияны қолдап, шетелдік продюсерлерді елімізге тарту және рибэйттердің төлемін жүргізумен айналысады.

"Айка", "Тюльпан" және "Монгол" фильмдерінің продюсері Гүлнара Сәрсенова басқаратын орталықты құру, "Кинематография туралы" заңды қабылдау және рибэйт жүйесін енгізу қазақстандық кинематографистердің жаңа буынының пайда болуына бағытталған.. Орталық жұмысының мақсаты, елдің керемет көрікті локацияларын жылжыту болып табылады.

Қазақстан өзінің артықшылықтарын көрсетуге күш салып, халықаралық продюсерлерді, режиссерлерді кинофестивальдарға, мысалы, Алматы кинофестиваліне қатысуға шақырды. Халықаралық қазылар алқасының құрамына Британ режиссурасының ардагері (Chariots of Fire) Хью Хадсон кірді.

Анна Качко, Қазақстанда фильмдер шығару тәжірибесі мол ресейлік продюсер ("Уроки Гармония"," Мың бала"," Мариям"), киноорталық басшылығының сыртқы стратегия бойынша қазақстандық кеңесшісі және орынбасары The Hollywood Reporter басылымына "Қазақстан - бұл шетелдік ынтымақтастық пен инвестиция үшін ашық ел" деп айтты.

«Кино саласына қыз-келіншектер көп келуде, тек қана түсірілім тобының мүшесі ретінде ғана емес, режиссер ретінде де», - деді, Шарипа Уразбаеваның «Мариам» фильмін мысалға келтіре отырып. Торонтода тұсаукесері өткен және Локарно байқауына қатысқан бұл фильм, Пусандағы және басқа да кинофестивалдерде көрсетілетін болады. «Қазір алға жылжып, ке локациялық таңдауы бар елімізге халықаралық продюсерлерді жұмылдыратын уақыт келді» - деп қосты Качко.