Шетелдегі танымал қазақтар туралы үздік кино хикаяға байқау жарияланады

Бөлісу:

visibility 82

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 280 қаулысымен бекітілген, 2018-2022 жылдарға арналған шетелдердегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде "Алыстағы ағайын" деректі фильмдер циклін құруға байқау жариялайды.

 Фильм түсірудегі негізгі мақсаты - шетелде тұратын қазақстандықтар мен қазақ диаспорасы өкілдеріне патриоттық тәрбие беру.

Осы фильмді шығаруға қойылатын талаптар:

1) «Алыстағы ағайын» фильмдерінің циклі 4 деректі фильм шығаруды қамтуы тиіс.

2) Әрбір фильмнің ұзақтығы 20 минуттан кем емес.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 25 қаңтарына дейін.

Жобалар байқауына қатысу шарттарымен толығырақ мына жерден танысуға болады.