Қазақ киносының күні құтты болсын!

Бөлісу:

visibility 103

1941 жылдың 12 қыркүйегі – қазақстандық кинематограф үшін айтулы күн. Бұл күні бүгінде көпшілікке аты аңызға айналған Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ретінде белгілі Алма-Ата көркем фильмдер киностудиясы құрылған. Сондықтан дәл осы күні қазақ киносы дүниеге келді деп нық сеніммен айтуға болады.

Бүгінде қазақ киносы шарықтау үстінде. Салалық заңның қабылдануы, ұлттық киноны қолдау орталығының құрылуы, қазақстандық кинофестивальдердің жаңа сапалық деңгейге шығуы, қазақстандық фильмдердің әлемдік кинофорумдарда мойындалуы және жоғары марапаттар алуы – мұның барлығы біздің кинематографтың мол әлеуетінен хабар береді!

Барлық кинематографистерге бұдан да биік марапаттарға ие болып, бұдан да кеңінен танылуды, және ең бастысы еңбек етуді және әлемге таңғажайып әсер мен көңіл толқынысын сыйлайтын өнерге қызмет етуді жалғастыруды тілеймін! Себебі сіздер қалайтын әрбір кейіпкердің бойында біздің өз болмысымыз сайрап жатыр!

ҰКҚМО басқарма төрағасының м.а. Гүлнәр Сәрсенова