Пусан кинофестивалінде Қазақстанды лайықты деңгейде таныстырды

Бөлісу:

visibility 155

Қазақстан мен қазақстандық кино туралы әлемдік кино қоғамдастығы көбірек танып білуде. Пусандағы (BIFF) 24-ші Халықаралық кинофестивальде біздің еліміз қаншалықты сәтті таныстырылғандығы туралы бірнеше жақсы жаңалықты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Анна Качко айтып берді.

3-12 қазан аралығында Пусан қаласында мерекелік шара өтті. 3,5 миллионнан астам халқы бар қала кинофестиваль бағдарламасы жазылған баннерлерді және халықаралық кинематографияның жұлдыздары бейнеленген постерлерді ілді. Бұл қалада киноны сүйеді, құрметтейді және мақтан етеді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Корей режиссері Пон Чжун Хо "Паразиты" фильмімен Канн кинофестивалінде "алтын пальма бұтағын" алды. Енді Пусанда жаңа есімдер шығып, әлемдік кинода жаңа жаңалықтар айтылды. Қазақстан айтулы кинофорумда өзін сенімді және лайықты таныстырды. 

- Фестивальдің бизнес бағдарламасының шеңберінде қонақтар мен өткізген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын таныстыратын арнайы шараға және Қазақстанмен серіктестік орнату мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылықты танытты. Ол жерде 2019 жылы қабылданған «Кинематография туралы» Заң, қазақстан аумағында енгізілген 30 пайыздық қаражатты қайтару жүйесі, киножобаларды іріктеу байқауының шеңберінде халықаралық ко-продукция шығару туралы айтылды – деп бөлісті Анна Качко. Биылғы жылы Пусан кинофестивалінің бағдарламасында мен продюсерлік еткен екі фильм ұсынылғандықтан, Еуразиялық аймақта продюсерлікпен айналысу тәжірибеммен бөлісіп, сол туралы баяндама жасауға шақырды.

Атап өту керек, презентация көп қызығушылық танытқан тыңдармандарды жинады – әлемнің түкпір-түкпірінен продюсерлер жиналды. Қонақтар өз тарапынан Қазақстанда кино шығару туралы сұрақтарды белсенді қойды.

- Кореяда өте бірегей көрермендер, мұндайды басқа фестивальдерде әлі кездестірмедім. Көрсетілімдерге қонақтар кешікпейді, ол аяқталғаннан кейін барлығы 40 минутқа созылатын «сұрақ-жауап» сессиясына қатысады, соған қарамастан өте қызықты және ойландыратын сұрақтар қойылады. Кейін режиссермен міндетті түрде афтограф-сессия өткізіледі. Бір сөзбен айтқанда мұндай көрермендік мәдениет үлкен құрметке лайық. Ал фильмнің өзі көрермендердің жүзінде көптеген эмоциялар туғызды, - деді А.Качко.

Биылғы Пусан кинофестивалі қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Конокрады. Дорога времени» фильммен ашылған, бұл қазақстандық киноға деген үлкен қызығушылықтың бар екендігінің тағы бір дәлелі. Ашылу салтанаты сәтті өтті. Казақстандық кинематограия үшін тағы бір жетістікті режиссер-дебютант Жаннат Альжанова «Родной язык» жобасымен алып келді. Азиялық жобалар нарығында тұсаукесері өткен жоба АRТЕ француз-неміс каналының арнайы сыйлығына ие болды