Кенжем қайда?
Фильм күйеуінің көмегінсіз тұңғыш ұлы мен қызын өсіріп, он екі жасар кенжесін бағып отырған Гүлнәз есімді мықты әйел туралы. Гүлнәз қызының ұзату тойының қамымен жүр. Ұзатуға Гүлнәздің бұрынғы күйеуі де келеді. Оны Гүлнәз қанша жерден жек көрсе де жаңа құдалардың алдында үлгілі отбасы болып көріну шыдауға мәжбүр. 
Барлық дүниені бақылауында ұстап үйренген Гүлнәз оның жоспары ойлағанындай жүзеге аспаса дүниені төңкеріп кете жаздайды. 
Ұзату тойы «қызған» кезде үлкен ұлына бандиттер келіп, қарыздарын сұрайды. Айқай-шу кезінде Гүлнәздың мұрны бұзылады. Осыны біліп қоймасын деп жүгіріп жүрген Гүлнәз біраз уақыт өткеннен кейін кенжесінің жоғалып кеткенін анықтайды. Той тоқтап қалады. Тойға келгендер баланың қайда жоғалып кеткенін таппай дал болады. Баланы іздеу кезінде отбасының сұмдық құпиялары ашылады.

Режиссёр:
Диас Кулмаков
Продюсер:
Анара Жунусова, Анна Чакиртова
Сценарий:
Диас Кулмаков, Ален Рахметалиев
Компания:
TOO «Taurus Asia Production»