Жібек
Біздің заманымызда Ұлы Жібек жолы Қытайдың ынтасымен жаңа серпіліс алып, жаңа даму жолында.Тегінде аталарымыздың шешуші үлесімен, біздің географиялық орнымыз негізінде жібек халықаралық нарыққа тарағанын білеміз. Қазір, біздің уақытта сол «бір жол, бір белдеуді» қолданып, біз Шығыс пен Батыстың арасындағы «рухани көпірдің» негізіне атсалысып, ел экономикасы, мәдениеті, анимация киносы ұтып, нарығымыз кеңейсе деген мақсатпен осы жоба қолға алынды. Ұлы Жібек жолы, ол мыңдаған керуен, мыңдаған жолдар мен сүрлеулер, мыңдаған тарих, және мыңдаған тағдырлар мен оқиғалар... Соның бірінде Айдахар қақтығысқан адамдар ортасына кірісуге мәжбүр болып, жас нәресте Жібекті өлім аузынан құтқарады... Сөйтіп, Айдахар Жібектің өмірінде дара да шешуші орын алады... Жат жерде өскен Жібектің жоғалған керуенді қайтаруға атсалысуы, еліне, жұртына қайтудағы батырлығы тек ұлдың үлесі емес, нағыз ерлік қыз баланың да қолынан келетінін айқындауы фильмнің негізгі мақсаты.

Режиссёр:
-
Продюсер:
-
Сценарий:
-
Компания:
-