Фильмнің атауы «Ақжелең» деп алыну себебі әйел тағдырын арқау етуінде. «Ақжелең» – домбыра күйлерінде қалыптасқан музыкалық жанр. Әйелдің тағдырын, мұңын, сезімдерін арқау еткен күйлер осылай аталған. Қазақ даласында әрбір күйшінің өз «Ақжелеңі» болған. Бұл – қазіргі қазақ қоғамындағы әйелдердің «Ақжелеңі».
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезең мен жаңадан келген модернизация қазақ қоғамында үлкен қобалжу тудырды. Мұндай өзгерістерге дайын болмаған халық комплекстерге ұрынды. Отыздан асқан Айна да осындай адасқақ сезімдердің құрбаны еді. Кәрі қызға айналған Айнаның ары бүкіл бір халықтың арымен тең. Ендігі жерде ол ішкі арпалыстарын жеңіп, өз арына араша түсе ала ма?
Режиссёр:
Бекзат Смадияров
Продюсер:
Багашар Арыкбаев
Сценарий:
Бекзат Смадияров, Канат Исаев
Компания:
ИП «АР»