2198 жыл. Жасанды интеллект адамдармен тең құқыққа ие болған кезде, әлем жаһандық дағдарыс пен қоршаған ортаның бұзылуына ұшырады. Экологиялық ластанған әлемде адамдар тірі қалу үшін өздерінің биологиялық денелерін роботқа айналдыра бастады. Роботтар жаулап алған осындай заманда Азат есімді бала адамдық қасиетін сақтауға ұмтылады. Ол күн сайын тірі адамдарды іздейді, бірақ нәтижесіз. Азат күйзелістен, ауа радиациясынан, нәтижесіз талпыныстан шаршаған күні роботқа айналуға келіседі. Бірте-бірте оның денесі мен жүрегі өзгереді. Көшеде еркін жүру мүмкіндігіне ие болып, күйзелістен құтылады. Дәл осы сәтте оның жолына Назым атты бейтаныс қыз тап болады. Назым жасанды интеллект пен роботтардың ықпалынан аулақ, тірі адамдар мекендейтін жасырын қоғамды тапқанын хабарлайды. Алайда, Азат үшін бәрі кеш еді.
Режиссёр:
-
Продюсер:
-
Сценарий:
-
Компания:
-