38 – қазақ кино тарихындағы орманшылар туралы тұңғыш жеке кинокартина. Бір қарағанда ұйыса өскен ну ағаштар еш қызықсыз көрінуі мүмкін. Алайда сол ну орманның да өз тағдыры, өз кейіпкерлері, өз қаһармандары бар. Орманшы Марат ел байлығы саналатын қалың орманды болашаққа аман-есен табыстауды ойласа, оның көмекшісі Саят тоғайды қалтасын томпайтудың мүмкіндігі деп қарастырады. Алайда Табиғат-Ананың да өз айтары, өз әрекеті бар. Сіз оның сыбдырына құлақ түріп көрдіңіз бе?
Режиссёр:
Төребек Бейсебаев
Продюсер:
Нуржигит Хайдаров
Сценарий:
Нуржигит Хайдаров, Максат Жумаханов
Компания:
ТОО «TOQSAN1»