2022 жылғы мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауы аяқталды. Қорғауға барлығы 204 киножоба жіберілді, оның ішінде 118 толықметражды және 86 қысқаметражды фильм бар. Киножобалар мынадай санаттарға бөлінді: әлеуметтік маңызы бар ойын фильмдері – 60; кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған фильмдер – 5; бірлесіп шығарылатын фильмдер – 7; дебюттік фильмдер – 76; әлеуметтік маңызы бар анимациялық фильмдер – 14; әлеуметтік маңызы бар деректі фильмдер, оның ішінде оқиғалы фильмдер – 42.
Ашық қорғау аяқталғаннан кейін Сараптама кеңесі қорытынды шығарды. Онда мемлекеттік қаржылық қолдауға үсынылатын жобалар тізімі көрсетілген. Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссия қарауына енгізу үшін құжаттар дайындалуда. Конкурстың нәтижелері уәкілетті органның шешімінен кейін жарияланады.
Ашық қорғаудың бейнежазбалары ҰКҚМО YouTube-арнасында жарияланған.
Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
29.06.2022Дәурен Абаев Сараптама кеңесі мүшелерімен кездесті
24.06.2022Ашық киножобалар қорғауы аяқталды
13.06.2022Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
29.06.2022Дәурен Абаев Сараптама кеңесі мүшелерімен кездесті
24.06.2022