2019 жылы мемлекет тарапынан қаржыландыру үшін мақұлданған киножобалар

2019 жылғы 28 тамызда Ұлттық фильмдерді мемлекет тарапынан қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген киножобаларды іріктеу бойынша өткізілген бірінші байқаудың қорытындысы шығарылды.
Нәтижесінде 17 киножоба мемлекеттік қаржыландыруға ие болды. оның 11-і әлеуметтік маңызы бар фильмдер. Мемлекеттік қаржыландыруға ие болған фильмдердің қатарында "Ұстаздың оралуы" және "Түркістан-кеше, бүгін, ертең" деректі фильмдері, сондай-ақ "Боксшы", "Патриоттар уақыты", "Таңдау", "Өмір", "Қажымұқан", "Адемоканың оқуы", "Мәреде", "Тырналар", "Хардкор" көркем фильмдері бар. Сонымен қатар, комиссия мүшелері "От" дебюттік киножобасын, бірлесіп түсірген "Ақын" және "Соқыр махаббат" фильмдерін, және де көпшілік көрермендерге арналған "Оффлайн демалыс-2", "Нартай" және "Даладағы құтқару" атты үш фильмді таңдап алды.
Толық тізім төменде беріледі. Жүктеуге арналған нұсқасын, Ашық үкімет порталы арқылы да алуға болады.

 Көркем фильмдер


"Патриоттар уақыты"
"AtlasEntertaiment"ЖШС
Продюсерлері Акбар Құрманбаев, Әсел Сағи.
Сценарий Акбар Құрманбаев, Дмитрий Алейников.
Қысқаша мазмұны:
«Патриоттар уақыты» - бұлотбасылықкикілжіңдері бар, оған қоса Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде адал қызметатқарып жүргенекі ағайынды жігіті туралы оқиға. Сұлтан (34) – майор, НББ арнайы жасағының басшысы, олжақын күндері әйелінен айырылған, енді ұлын жалғыз өсіріп отыр, бірақ оған қоса тәуелкеге бас тігіп отырғанын түсінбей, қауіпті тапсырмаларды орындайды; Бекзат (27) - аға лейтенант шеніндегі дарынды ұшқыш, Қарағанды маңындағы «Ұлытау» әскери әуебазасында қызмет етеді және ағасына қолынан бірдеңе келетінін дәлелдеуге тырысады. Отанымызға ең қауіпті қатер төнген кезде оларға жүктелген міндеттемелер адамдардың өмірін құтқару үшін оларды бірігуге мәжбүр етеді,нәтижесінде олар Отан мен отбасы – бұл өздерінде бар ең құнды дүниелер екенін түсінеді.

"Боксшы"
"Satai film" ЖШС
Продюсері Светлана Нам. Режиссері Ақан Сатаев.
Сценарий Тимур Жаксылыков, Альмира Турсын (её псевдоним), Ақан Сатаев
Қысқаша мазмұны:
Серік Сапиев – бокста некі дүркін Әлем чемпионы, киім шешетін бөлмеде отырып, өз өмірініңең басты жекпе-жегіне өзін-өзі дайындап отыр. Толқуды жеңуге тырысып, серпіле бой азып, бәрінеден басталғанын еске түсіреді. Оймен алыста қалған, Абай кентінде өткен балалық шағына оралады. Бұл жерде әкесі оны алғаш рет бокс секциясына апарған, бірінші шайқас, жеңілістер мен жеңістер. Қажырлы еңбек, жаттықтырушының үйреткендері өз жемісін беріп жатады: халықаралық жеңістер, әлемді мойындату, өз елінің артқан үлкен үміті және өзінің жеке арманы оны әлі алынбаған жалғыз марапатқа – Олимпиадалық алтынға алып келеді.
Сөйтіп, 2008 жылы ол Пекинге арманын жүзеге асыруға - Олимпиада алтынын алуға барады. Алайда, көтеріңкі үміт, психологиялық қысым, оның ішкі толқуы оны омақастырды – және ол үлкен жеңіліске ұшырады. Серік үлкен спорттан кетуді ойлады. Бірақ, жақындардың сенімі мен қолдауы, өзінің арманы оны жібермеді, сөйтіп ол тек бір мақсатпен ғана – қалай болғанда да олимпиаданың алтынын алу үшін қайта оралады. 4 жылдан кейін бұрынғыдан да мықты жаттығулар жасап, дайындалып, ол өз тағдырын тағы да сынпа көруге бел буады. Өз мақсатына қолжеткізіп, арманы орындала ма?

"Қажымұқан"
"BozokFilm" ЖШС
Продюсері Эльдар Әлім.
Режиссері Қанағат Мұстафин.
Сценарий Қанағат Мұстафин, Жанат Касабеков
Қысқаша мазмұны:
Фильмде қазақ балуанының өмірбаянындағы ең жарқын оқиғалар туралы баяндалады. Сюжет желісі Қажымұқанның спорттағы жетістіктеріне ғана емес, махаббат, ақша, даңқ, кедейшілік және батырдың өз өмірінде басынан өткізген тағы да басқа оқиғаларға негізделген. Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби күрескерлер арасында классикалық күрестен әлем чемпионы, француз күресінен қазақтар арасынан шыққан алғашқы чемпионы, ауыр салмақ бойынша классикалық күрестен әлемдік, өңірлік, ресейлік, сондай-ақ бүкілодақтық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

"Таңдау"
«Tursunov Film» ЖШС
Продюсері Қанат Төребай.
Режиссері Ермек Тұрсынов.
Сценарий Ермек Тұрсынов
Қысқаша мазмұны:
Оқиға ауылда өрбиді. Қазіргі кезең. Алыс ауылда екі шал мен бір кемпір өмір сүреді. Бір кездері олар екеуі де сол кемпірге ғашық болған. Жастық шақтарында. Ол қыз олардың үшінші бір досына күйеуге шығады, бірақ ол ерте қайтыс болып кетеді. Енді бұл үшеуі - достар. Бірақ қарттар ұрсыспай тұра алмайды.Олар еш зиянсыз ұрсысады, тіпті сыртынан қарағанда күлкілі деп те айтуға болады. Олардың бөліп алар ештеңесі жоқ, бірақ олар әлі де күнге бір-бірімен сол кемпір үшін ұрсысады.
Олар оған жеке-жеке келіп, шаруашылығына көмектеседі. Содан кейін бірге шай ішіп, елдегі және әлемдегі соңғы жаңалықтарды талқылайды. Олардың талқылауы күнделікті ас бөлмесінде орын алатын әдеттегі әңгімелесуге ұқсайды. Олардың барлығы, әрине, саясат пен спорттағы үлкен «мамандар». Головкинге жақтасады.

"Өмір"
"Emir Baigazin production" ЖШС
Продюсері Эмир Байғазин.
Режиссері Эмир Байғазин.
Сценарий Эмир Байгазин
Қысқаша мазмұны:
Арман аудио-визуалды өнімдер жасаумен: мерекелікіс-шараларды түсірілім жасау және монтаждаумен айналысатын компанияға жұмысқа орналасады. Бірнеше күннен кейін ол компанияның жұмысына қажетті барлық материалдардың абайсызда жойылғанына кінәлі болып шығады. Оған барлық материалды қалпына келтіру үшін немесе компанияның шығындарын өтеу үшін ақша іздеуге бірнеше күн уақыт береді.

"Мәреде"
"Golden Man Picture" ЖШС
Продюсері Максим Акбаров.
Режиссері Индар Дженджубаев.
Сценарий Александр Гальцев
Қысқаша мазмұны:
АСҚАР мен БЕКЖАН – ауылда бірге өскен екі дос. Достар спортпен белсенді түрде айналысқан. Мектеп бітіргеннен кейін, ересек өмірге араласатын кез келгенде, Бекжан жеңіл атлетика федерациясынан Нұр-сұлтанға көшіп барып, сонда жақсы жаттықтырушымен жаттығуын жалғастыру туралы тиімді ұсыныс алады. Нұр-сұлтанға көшіп барып, кәсіби спортпен айналысу Бекжанға көп ақша табуға көмектесереді, оның қарындасы Малика ауыр науқасқа шалдыққан болатын. Асқарды Нұр-сұлтан қуанышпен қабылдады, өйткені ол бокста үлкен әлеуетке ие болатын. Нұр-сұлтан қаласы мен белгілі бір табыс қажеткізген өмір жігіттерге әртүрлі әсеретті. Бекжанбар ынтасын жаттығуларға арнады, ал Асқар көңілді ойын-сауыққа толы өмірді таңдады. Бірақ қайғылы жазатайым оқиға достардың өмірін өзгертеді, содан кейін кейіпкерлердің біреуі досының орнын басуы керек, марафондық жүгіруде әлем чемпионы атағын жеңіп, 2020 жылы Токиода Олимпиада ойындарына қатысуы қажет болады.

"Тырналар"
"Байтерек Продакшн өндірістік бірлестігі" ЖШС
Продюсері Анар Жанғазиева.
Режиссері Дамир Манабай.
Сценарий Дамир Манабай, Аким Ашимов (Тарази).
Қысқаша мазмұны:
Басты кейіпкер Бурахан Исахаев – кинорежиссер. Жүрек жетімсіздігінің нәтижесінде ол ауруханаға түседі. Ауруханада ол ақтарыла айтқан әңгімелерімен оған күннен күнге жақын бола бастайды. Кенеттен, тіпті Бурахан да күтпеген жерден, ол ойлаған фильмнің кейіпкерлеріне айналады. Бұл фильмде әзірге бірнеше эпизод қана бар. Онда махаббат оқиғасы да бейнеленеді, онда махаббат та, қызғаныш та, жек көру де, кісі өлтіру де бар. Заңды және заңсыз некеден туылған балалар да бар. Махаббат үшбұрышы деп атаса да болады. Және осының бәрі өткен ғасырдың отызыншы жылдары болғандықтан, әлеуметтік дауылдан, өмір салтының бұзылуынан, өзара соғыс өртінен бүлінген бұл махаббат үшбұрышы, әрине, өмір сүре алмайды. Бәрі де өледі - Құлжан, оның әйелі Асиля да, оның ашынасы Сейтназар да.

"Хардкор"
"Central Production" ЖШС
Продюсері Дина Жумабек.
Режиссері Фархат Шарипов.
Сценарий Фархат Шарипов
Қысқаша мазмұны:
«Хардкор» - алматылық жас өспірімдердің өмірі туралы қызықты повесть. Ол жастар арасындағы нашақорлық мәселесін қозғайды және жастардың қалыптасуындағы отбасының, мектептің және көшенің өз ара байланысы туралы баяндайды. Зара Есенаманның осы аттас повесінің желісі бойынша түсірілген фильм. «Хардкор» повесі үшін З. Есенаман VII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша гран-при иегері атанған. Кітаптардың жетістігі қарап пайымғана түсіндіріледі. Повесть жастардың жанына жақын форматта жазылған. Оған қоса, «Хардкор» ата-аналар үшін де, мұғалімдер үшін де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін де пайдалы. Оны таныстырылымның барлық қатысушылары атап өтті.

"Адемоканың оқуы"
Ш.Айманов атынд. «Қазақфильм» АҚ
Продюсері Алмат Масалим.
Режиссері Әділхан Ержанов.
Сценарий Әділхан Ержанов
Қысқаша мазмұны:
Адемока – Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шағын люли сығантай пасынан шыққан мигрант. Әкесі мен анасы қыз баланы олардың қауымында бәрі айналысатын – қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлейді. Адемока бір күні бөгде біреудің үйінен «Жел алып кеткендер» фильмін кездейсоқ көріп қалады. Содан кейін Адемока кино туралы бәрін білгісі келеді, онда – осындай фильмдер түсіруге деген арман пайда болады. Бірақ Адемока жақында 15 жасқа толады, олжаза да, оқи да алмайды. Олардағы қабылданған дәстүр бойынша ол көп ұзамай қауымның бір ақсақалына тұрмысқа шығып, өз балаларымен түрлі қалаларды кезіп, қайыршылықпен айналысуы керек. Бірақ Адемока шешім қабылдайды – ол тілді үйренеді, сауатын ашады және бірінші сыныпқа баруға тура келсе де сценарист болады.

 Бірлестік өндірістік фильмдер 


"Ақын"
Ш.Айманов атынд. «Қазақфильм» АҚ
Продюсері Ержан Ахметов.
Режиссері Дарежан Өмірбаев.
Сценарий Дарежан Өмірбаев
Қысқаша мазмұны:
Франциямен бірлескен жоба. Өз өмірін Музаға қызмет етуге және өмірдің мәнініздеуге арнаған ақын туралы оқиға. Қайырымдылық, жанашырлық жасау, жақсылықкөрсету, мейірімді болу қабілеті ақынның адамды бағалаудағы басты критерийі және бүкіл шығармашылығының арқауы болды. Бас кейіпкер – қырық жастағы Алматылық ақын, шағын қазақ тілді газете қарапайым редактор болып жұмыс істейді. Ол және оның әріптестері қазіргі заманғы, рационалды қоғамда өздерінің әдеби шығармашылығының оқырмандары аз екенін, әдебиетке, кітаптарға, поэзияға жаппай қызығушылық уақыты бірте-бірте өткен шақта қалатынын түсінеді. Бұл қарапайым әдебиетшілер үшін, әрине, жеке бастың үлкен трагедиясы.

"Соқыр махаббат"
"Денис Тен қоры" ҚҚ
Продюсерлері Тен Оксана, Тимур Бекмамбетов, Игорь Цай, Зарина Нигматулина, Анель Уалиева, Адам Кидман, Джемс Смит.
Режиссерлері Чак Чае, Канат Бейсекеев.
Сценарий Денис Тен
Қысқаша мазмұны:
Фильмнің бірінші бөлімі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тен жазған сценарийге негізделген. Оқиға желі арқылы де хат алысу жас жүректердің махаббатына ұласуынан басталады. Бірақ қыздың саңырау, ал жігіттің соқыр екені, бір-біріне кемшіліктерін қалай айтарларын білмей дал болғанға дейін. Екенін білмейінше, ол көз жасы, екеуі де өз ауруын қалай мойындағанын білмейінше қарапайым жағдайдан басталады. Фильмнің екінші бөлімі, романтикалық драманың құрылу тарихы туралы деректі фильм көрерменге идеяның пайда болу процесінен бастап оны экранда көруге дейінгі үрдісті түсіндіреді. Көрермен Лос-Анджелесте түсірілген кадрларды, фильм кейіпкерлерімен және осы жобаға күш салған адамдармен эксклюзивті сұхбаттарды көреді. Қанат Бейсекеев түсірген туынды бүкіл команданың шынайы көңіл-күйі мен қажырлы еңбектерін көрсетіп, Денис Теннің мұрасы ұмытылмайтынын және бізді шабыттандыруды жалғастыра беретінін еске салды.

  Көпшілік көрерменге арналған фильмдер


"Даладағы құтқару"
"Жаңа өмірпродакшн" ЖШС (Қазақстан), "Plano a Plano" продакшн-студиясы (Испания)
Продюсерлері Жарасхан Күлпиев, Әлия Далабаева, Бенетис Цезарь, Амаре Эмилио, Светлана Коротенко.
Режиссері Мигель Анхель Вивас.
Сценарий Хуан Карлос Кето, Росио Мартинез, Олжас Жанайдаров, Жарасхан Кульпиенов, Алия Далабаева, Асель Назирова
Қысқаша мазмұны:
Екі испандық әскери қызметкер, республикашыл және фалангист, Қарағанды түбіндегі «КарЛАГ» кеңестік еңбек лагеріне жіберілді. Ол лагерьге өте жас кезінде түскен, елді мекенде Амангелді ақсақалдың отбасында тұратын сұлу неміс қызы Хэлен үшін бақталасып, өздерінің қарама-қарсы идеологиялары үшін азулы жауға айналады. Лагерьге қамаудағылар арасында талантты суретші-публицист, Асқар деген қазақ жігіті болады. Бірде ол Иосиф Сталиннің портретінің артқы жағында сурет салады. Ол Кеңес өкіметінің айқын сыншысы болды және жиі осы лагерь мен елді мекен туралы тік және айқын сөз сөйлейтін. Көп оқыған және білімді қазақ тұтқындармен қарым-қатынас жасайды, ортақ тіл табуға көмектеседі, қазақтардың мәдениеті туралы әңгімелейді. Дәл осы Асқар Мартин мен Сантьягоға Хэленмен бірге қашып, иен далада аштық пен суықтан аман қалуға көмектеседі. Әділетсіздік, аштық және өлім оларды біріктіруге және бір-біріне қатыгез тағдырдан қорғануға көмектесуге мәжбүр етеді.

"Нартай"
"Eurasia Film Prodution"ЖШС
Продюсері Гүлнара Сәрсенова.
Режиссерлары ГүлнараСәрсенова, Вахтанг Хубутия.
Сценарий Сергей Калужанов
Қысқаша мазмұны:
Бұл оқиға қазақ сержанты, өз Отанының патриоты, Нартай Сапарғалиев туралы, ол тағдырдың жазуымен 90-шы жылдардыңортасында, өзінің сенімді серігі – танкімен бірге ГДР-ге келеді. Т-62. Көңілді және біртүрлі кейіпкер достарымен бірге жат жерде қызбаланып, Мюнхеннің басты алаңы – Мариен плацте әртіс болып, ақша табады және керемет батылдық, тапқырлық және әзіл көрсете жүріп, алдынан кездескен әрбір адамға көмектеседі. Соңында югославиялық иммигранттарды қорғап, неофашистік топтармен төбелеседі  – және Құрметке ие болып, ол туралы тіпті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті неде жетеді.

"Каникулы оффлайн-2"
"Астана Фильм Фонд" ЖШС
Продюсері Ақан Сатаев.
Режиссері Эрнар Құрмашев.
Сценарий Алишер Утев
Қысқаша мазмұны:
Балалардың кезекті жаңа легі «Аул Camp» лагеріне келді, олардың ішінде ең бірінші кезекте келген балалар да бар, атап айтқанда: Ілияс пен Арлан, олар енді вожатыйдың көмекшілері қызметі натқарады. «Ауыл Camp» еліміздің ең үздік лагерьлерінің бірі болып саналады, сондықтан олар лагерь маусымының соңында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өзі қатысатын және марапаттайтын лагерьлер арасындағы Мемлекеттік байқауда өнер көрсетуі тиіс. Балалар арасында болып жатқан оқиғаларды үнемі өзінің диктофонына жазып жүретін кішкентай аңғал Арман деген бала ерекше көзге түседі және айналасындағыларға өзінің әкесі арнайы агент екенін айтады, бірақ оған көп ешкім сенбейді және оның әкесі жоқ деп санайды, сондықтан Арман Президент бәрінің алдында оның сөзін растап, кішкентай ұлға күлуді тоқтатуы үшін Мемлекеттік конкурста жеңіске жетуді мақсат етеді,

 Дебюттік фильмдер


"От"
"A-Team" ЖК
Продюсері Диана Әшімова.
Режиссері Айжан Қасымбекова.
Сценарий Чингиз Ескендиров, Малик Касабеков, Айжан Қасымбекова, Алибек Дуйсенбиев
Қысқаша мазмұны:
Толик бұл орта жастағы отағасы, өз тағдырына мойын сұнған, ол күнделікті қарапайым өмір сүріп, отбасына сырауға тырысады және тұрмыстық қиындықтардың, шексіз қарыздардың, қазақтың бітпейтін үйлену тойларының және жерлеу рәсімдерінің отына күйіп жүрген адам, бәріне ақша керек. Осындай күндердің бірінде ол өзінің кәмелетке толмаған қызы жүкті екенін біледі. Баланың әкесі кім екенін және онымен қызының бұлыңғыр болашағы мен алдағы жоспары туралы білгісі келеді. Қызының басына түскен және қаржылық қиындықтарды шешуге талпынысы кезінде ол досының өміріне қауіп төндірген авантюраға тап болады. Ол сәтсіздікке ұшырай береді, бір сәтсіздіктен кейін екіншісі орын алады. Ол өз басынан өткізген барлық қиындықтар мен жағдайлардан кейін, өмірдегі ең басты нәрсені түсінеді. Және де осы түсінік ұшқын тәрізді оның өмір сүруінеүміт отын ұялатты.

 Деректі фильмдер


"Туркестан-кеше, бүгін, ертең"
"Усманов" ЖК
Продюсерлері Владимир Тюлькин, Хуснимурат Усманов.
Режиссері Владимир Тюлькин.
Сценарий Байгожина Асия
Қысқаша мазмұны:
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи тарихи ескерткішінің қазба жұмыстарының тарихы арқылы еліміздің өткенін көрсететін деректі фильм. Фильм біздің тарихымызға қорғай әрі құрметпен қарауды насихаттайды, Түркістан қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарының ауқымдылығы мен маңыздылығын көрсетеді және елдің дамуын бейнелейтін экологиялық қаланың құрылу тарихы арқылы еліміздің жарқын болашағын көрсетеді. 

"Ұстаздың оралуы"
"Tanaris Production" ЖШС
Продюсері Сергей Азимов. Режиссері Сергей Азимов.
Сценарий Сергей Азимов и Галимкаир Мутанов
Қысқаша мазмұны:
Бұл фильмде әл-Фарабидің тарихи отаны қазақ даласына оралуы жолындағы қиын тағдыры  туралы баяндалады... Оның шығармашылық мұрасын авторлар адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі – бақытқа жету жолдарын іздеу тұрғысынан талдайды. Фильмнің жарық көруі ғалымның туғанына 1150 жыл толуына орай жоспарланған. Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойын атап өту бойынша жоспарланған іс-шара 2020 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен жүзеге асырылады.