Киножобаларды іріктеудің басты тақырыптары айқындалды

Бөлісу:

visibility 139

Құрметті байқау қатысушылары, мемлекеттік қаржыландыруға үмітті киножобаларды іріктеу барысында назарға алынатын бірнеше тақырыпты ұсынамыз. Өтінімдерді қарастыру барысында, төмендегі тақырыпты қозғайтын жобаларға үлкен мән берілетін болады: 

Деректі фильмдер үшін: 

  • «Шыңғыс ханның мұрагерлері және Еуразияның ең басты күші ретінде Жошы ұлысының (Алтын Орда) тарихи маңызы».

  • «Отбасылық құндылықтарды дамуға ерекше үлес қосқан, елі мен жерін әйгілі еткен, Қазақстанның белгілі әйелдері, аналары мен әйелдер қауымындағы тарихи тұлғалар туралы. Бұл тізімге талай батыр қыздарымыздың аттары кіреді, мысалға Сақ патшайымы - Зарина, Қабанбай батырдың қызы - ержүрек Назым, Айшабибі, Абайдың әжесі –Зере, кеңес одағының ұшқыш қызы – Хиуаз және тағы басқалары».

  • «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы туралы».

Ойын фильмдері үшін: 

  • «Жемқорлыққа қарсылық білдіру және жемқорлықты тудыратын процесстерді жоюға қоғамның белсене атсалысуы».

  • «Мемлекетте тұрақтылықты сақтаудағы құқық қорғау органдарының рөлі мен полиция қызметкерлерінің жауапты әрі қауіпті қызметіне құрмет көрсету жайында».

Сонымен қатар, балаларға арналған, оның ішінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған анимациялық фильмдердішығару басты назарға алынатын болады.  

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында жүреді. Жобалар питчингіне қатысу шарттарымен толығырақ Киноорталықтың сайтында www.kazakhcinema.kz танысуға болады.