Exclusive. Қазақстан кинематография бойынша комиссияны құрмақшы

Дереккөзhttps://www.kftv.com/news/2019/09/14/exclusive-kazakhstan-setting-up-film-commission

Бөлісу:

visibility 287

Автор: Крис Еванс 

Жарияланған  күні: 2019 жылғы 14 қыркүйек 

Орталық Азияда орналасқан мемлекет 30 пайыздық қаражат қайтару жүйесін қарастырып, үлкен бюджеттік кино өндіру компанияларын жұмылдырмақшы.  

Қазақстан халықаралық жобаларды тарту мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының аясында арнайы топты жинады. 

Кино орталығын құру мен ел ішінде түсірілген жобалар үшін 30 % қаражатты қайтару жүйесін еңгізген «Кино туралы» заң биылғы жылы қабылданған. 

«Бұл жүйе шетелдік продюсерлер үшін өте тиімді жол, себебі елімізде фильм түсіруге кеткен шығындардың 30 % -ын қайтарып алуға мүмкіндік бар»  - деді Анна Качко, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі «KFTV» өкілдеріне.

Бұл жүйеге қол жеткізгісі келетін кез келген жоба Қазақстанда шамамен $ 850,000 жұмсауға тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік лауазымды тұлғалар бағалайтын нақты талаптар шеңберінде өтінім беру процесі де бар.

"Қазіргі уақытта біз Қазақстанға халықаралық жобаларды тартуға  және оларға түсірілім уақытында көмек көрсететін кәсіби команданы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының аясында жинаудамыз", - деп қосты, алдын-ала шетелдік кинопродюсерлермен түсірілім жүргізу туралы келссөздер жүргізген Анна  Качко.  

Түсіру процесін жеңілдету мақсатында екі апта немесе одан да аз уақыт ішінде түсіретін топтарга визасыз кіру рұқсат етілген,  ал ұзағырақ түсіретіндер, бес жыл бұрынғыдай емес, әлдеқайда жеңілірек процесстен өтеді, - деп сендірді Качко.

Қазақстан түсірілімге арналған түрлі пейзаждарымен, өзен-көлдерімен, тау-тастарымен және космополитикалық Алматы қаласымен мақтана алады. Соңғы жылдары бұл елде Netflix компаниясының Marco Polo телехикаясы мен Оскар номинанты болған «Моңғол» фильмі түсірілген. Атап айтсақ, «Моңғол» фильмнің продюсері Гульнара Сарсенова қазақстандық киноорталықтың басшылығында отыр.