Даладағы құтқару

Екі испандық әскери қызметкер, республикашыл және фалангист, Қарағанды түбіндегі «КарЛАГ» кеңестік еңбек лагеріне жіберілді. Ол лагерьге өте жас кезінде түскен, елді мекенде Амангелді ақсақалдың отбасында тұратын сұлу неміс қызы Хэлен үшін бақталасып, өздерінің қарама-қарсы идеологиялары үшін азулы жауға айналады. Лагерьге қамаудағылар арасында талантты суретші-публицист, Асқар деген қазақ жігіті болады. Бірде ол Иосиф Сталиннің портретінің артқы жағында сурет салады. Ол Кеңес өкіметінің айқын сыншысы болды және жиі осы лагерь мен елді мекен туралы тік және айқын сөз сөйлейтін. Көп оқыған және білімді қазақ тұтқындармен қарым-қатынас жасайды, ортақ тіл табуға көмектеседі, қазақтардың мәдениеті туралы әңгімелейді. Дәл осы Асқар Мартин мен Сантьягоға Хэленмен бірге қашып, иен далада аштық пен суықтан аман қалуға көмектеседі. Әділетсіздік, аштық және өлім оларды біріктіруге және бір-біріне қатыгез тағдырдан қорғануға көмектесуге мәжбүр етеді

Режиссер
Мигель Анхель ВИВАС
Продюсер
Жарасхан КУЛПИЕВ, Әлия ДАЛАБАЕВА, Бенетис ЦЕЗАРЬ, Амаре ЭМИЛИО, Светлана КОРОТЕНКО
Сценарий
Хуан Карлос КЕТО, Росио МАРТИНЕЗ, Олжас ЖАНАЙДАРОВ, Жарасхан КУЛЬПИЕВ, Алия ДАЛАБАЕВА, Асель НАЗИРОВА
компания
Жаңа өмірпродакшн" ЖШС (Қазақстан), "Plano a Plano" продакшн-студиясы (Испания)