Боксшы

Серік Сапиев – бокста некі дүркін Әлем чемпионы, киім шешетін бөлмеде отырып, өз өмірініңең басты жекпе-жегіне өзін-өзі дайындап отыр. Толқуды жеңуге тырысып, серпіле бой азып, бәрінеден басталғанын еске түсіреді. Оймен алыста қалған, Абай кентінде өткен балалық шағына оралады. Бұл жерде әкесі оны алғаш рет бокс секциясына апарған, бірінші шайқас, жеңілістер мен жеңістер. Қажырлы еңбек, жаттықтырушының үйреткендері өз жемісін беріп жатады: халықаралық жеңістер, әлемді мойындату, өз елінің артқан үлкен үміті және өзінің жеке арманы оны әлі алынбаған жалғыз марапатқа – Олимпиадалық алтынға алып келеді.
Сөйтіп, 2008 жылы ол Пекинге арманын жүзеге асыруға - Олимпиада алтынын алуға барады. Алайда, көтеріңкі үміт, психологиялық қысым, оның ішкі толқуы оны омақастырды – және ол үлкен жеңіліске ұшырады. Серік үлкен спорттан кетуді ойлады. Бірақ, жақындардың сенімі мен қолдауы, өзінің арманы оны жібермеді, сөйтіп ол тек бір мақсатпен ғана – қалай болғанда да олимпиаданың алтынын алу үшін қайта оралады. 4 жылдан кейін бұрынғыдан да мықты жаттығулар жасап, дайындалып, ол өз тағдырын тағы да сынпа көруге бел буады. Өз мақсатына қолжеткізіп, арманы орындала ма?

Рөлдерде
Смадиар САБЫРОВ
Режиссер
Ақан САТАЕВ
Продюсер
Светлана НАМ
Сценарий
Тимур ЖАҚСЫЛЫКОВ, Альмира ТҰРСЫН, Ақан САТАЕВ
компания
"Satai film" ЖШС