Қажымұқан

Фильмде қазақ балуанының өмірбаянындағы ең жарқын оқиғалар туралы баяндалады. Сюжет желісі Қажымұқанның спорттағы жетістіктеріне ғана емес, махаббат, ақша, даңқ, кедейшілік және батырдың өз өмірінде басынан өткізген тағы да басқа оқиғаларға негізделген. Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби күрескерлер арасында классикалық күрестен әлем чемпионы, француз күресінен қазақтар арасынан шыққан алғашқы чемпионы, ауыр салмақ бойынша классикалық күрестен әлемдік, өңірлік, ресейлік, сондай-ақ бүкілодақтық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Режиссер
Қанағат МҰСТАФИН
Продюсер
Эльдар ӘЛІМ
Сценарий
Қанағат МҰСТАФИН, Жанат ҚАСАБЕКОВ
компания
"BozokFilm" ЖШС