Омаров Жанай Сейтжанұлы
Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі

1955 жылдың 27 сәуірінде дүниеге келді. 1977 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1980 жылы ММУ аспирантурасын аяқтады. Әр түрлі жылдары философия пәнінің оқытушысы, ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының БКИ кафедрасының меңгерушісі, Халықтық білім беру министрінің қоғамдық ғылымдарды оқыту бас басқармасының бастығы, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, «Қазақпарат» ҰК» АҚ Президенті, «Қазақстан Тудэй» Агенттігі» ЖШС Баспа үйінің бас директоры, «Нұр-Медиа» Холдингісінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Журналистика академиясының академигі. «Құрмет», «Парасат» медальдарымен марапатталған.