Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы
Тәуелсіз директор, ҚР Парламентінің Сенаты төрағасының штаттан тыс кеңесшісі

Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы 1957 жылы Қызылорда облысының Шиелі кентінде туылған. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік тәмамдаған. Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника институтында, Молекулалық биология және биохимия институтында жұмыс істеген. Әр жылдары Республикалық жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің вице-президенті, бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған