Бекболат Қанайұлы Тілеухан
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Бекболат Қанайұлы Тілеухан – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Атасу ауылында туған. 1993 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конверваториясын «концерттік орындаушы» мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конверваториясының аспирантурасын тәмәмдаған. Ұлттық ән мен орындау шеберлігі тақырыбына қатысты бірнеше ғылыми еңбектері бар. 2016 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет мүшесі.