Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы 1985 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының магистранты. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филормониясында, «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі» РМКК әртіс, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы болып әр жылдары еңбек еткен.  2019 жылы шілдеде ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.