ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлық күрделі және көп қырлы проблема, оған қарсы іс-қимыл кешенді және үйлестірілген түрде жүзеге асырылуы тиіс.

Корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін қолдану мақсатында Киноорталықта комплаенс-бақылау функциясы енгізіліп, іске асырылуда, оның мақсаты комплаенс-тәуекелдерді басқару болып табылады.

«Адалдық алаңы» жобасы

2018 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықты азайту. Оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҚР Президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, істерді жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы трансформация мен парасаттылық барлығымыз үшін мызғымас стандартқа айналуы тиіс. Бұл туралы өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында да көрсетілген. Осы құжатқа сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын, қолданылу практикасы халықаралық деңгейдегі корпоративтік секторда кеңінен дамыған құрылымдық бөлімшелер айқындалуы тиіс.  

Комплаенс қызметі дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтердің негізгі миссиясы – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Комплаенс қызметі – ресми мәртебесі, барлық қажетті ақпаратты алуға қол жеткізу құқығы, комплаенс-бақылау саласындағы қажетті сарапшыларды тарта отырып, әлеуетті бұзушылықтар бойынша ішкі тергеу жүргізу құқығы бар ұйымдағы тәуелсіз бөлімшелер. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметкерлері өз пікірін білдіру және тәуекелдерді бақылау процесінде алынған бұзушылықтарға қатысты мәліметтерді беру үшін алқалы органға тікелей қол жеткізе алуы тиіс.   

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер – бұл агенттіктің жергілікті жерлердегі комиссарлары, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың көп деңгейлі жүйесін табысты іске асыруды қамтамасыз ете отырып, реттеуші және қадағалау органдарының барлық санаттарымен өзара іс-қимыл жасайды.

КеАҚ «ҰКҚМО» комплаенс қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді іске асыру шеңберінде ҰКҚМО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындау жүктелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына киноөндіріс, заңтану, қаржы-экономикалық мәселелер саласындағы тәжірибелі қызметкерлер, мамандар енгізілген.

Жұмыс тобының құзыретіне ҚР заңнамасының талаптарына ҰКҚМО қызметінің сәйкестігіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеу, ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын ілгерілету үшін қолайлы орта құру, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін қолдану мақсатында ұжымда алдын алу-профилактикалық және тәрбие жұмысын жүргізу кіреді.

Жұмыс тобының басшысы, комплаенс-офицер: Қамзолдаев Марат Болысбекұлы

ҰКҚМО лауазымды тұлғалары мен персоналы арасындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері, олардың тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын, компанияның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу туралы хабарламаларды adaldyqalany@kazakhcinema.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз немесе +7 707 974 0323.

Құпиялылыққа кепілдік беріледі.