Сан бар жерде сапа да өседі – Нәзира Рахманқызы

«FILMFAN» хабарында қонақта кинотанушы Нәзира Рахманқызы болды. Сұхбат барысында 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында YouTube-те тікелей эфирде «Ұлттық киноның қолдау орталығының» өтіп жатқан питчингі, яғни мемлекет тарапынан киножобаның қаржыландыру үшін қорғаулары жайында толығырақ айтылды. Тікелей эфирге хабарласқан «Ұлттық киноның қолдау орталығы» КЕАҚ Стратегиялық даму бойынша Басқарма төрағасының орынбасары, продюсер Әділбаев Айдархан питчинг жайында сұрақтарға жауап берді. Ал, питчингте киножобасын қорғаған киносценарист, режиссер Мұрат Есжан телефон арқылы байланысқа шығып, мәселенің мән-жайын өз пікірімен толықтырды.

Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.